Римде Шоқан Уәлиханов туралы еңбектің таныстырылымы өтті

31.10.2025

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Италияға жұмыс сапары аясында «Шоқан Уәли­ха­нов және қазіргі Қазақ­станның бас­тауы» атты монография­ның таныс­ты­рылымы өтті. Белгілі ағартушының 190 жылды­ғына арналған бұл еңбек алғаш рет итальян тілін­де жарық көрді.

Аида Балаева ұлы ғалым, ағар­ту­шы әрі саяхатшыға арналған ғылы­ми еңбектің жарық көруімен барша зерттеушіні құттықтады. Ми­нис­трдің айтуынша Шоқан Уәлиха­новтың мұрасын италиялық оқыр­ман­дарға таныстыру – Қазақ­стан мен Италия арасындағы рухани байланысты тереңдететін маңызды қадам.

«Шоқан Уәлиханов – Ұлы даланың ғана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға. Оның зерттеулері халықаралық ғылыми қауымдастыққа Орталық Азия халықтарының бай мәдениеті мен өркениетін, сондай-ақ қазақ халқының рухани мұрасын кеңінен танытты. Оның еңбектерінің итальян тілінде жарық көруі – білім мен ғылым арқылы екі елдің жақындасуының жарқын үлгісі. Бұл кітап италиялық оқырмандарға қа­зақтың тарихын, мәдениетін және ой әлемін жақынырақ тануға мүмкіндік береді», деді Аида Балаева.

Сондай-ақ министр екі елдің ға­лымдарына, зерттеушілеріне, аударма­шыларына шынайы алғысын жет­кізді. Ол бұл кездесу Қазақстан мен Италия арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтып, жас ғалым­дар мен зерттеушілерді жаңа ізденіс­терге жетелейтініне сенім білдірді.

Шоқан Уәлихановтың өмір­баянын Италия профессоры Феде­рико Пасторе жазған. Ол ұзақ жыл­дар бойы ғалымның өмірі мен қызме­тіне қатысты қазақстандық дерек­көздерді зерттеген. Сондай-ақ монографияда Ш.Уәлиханов өмірінде кездескен белгілі қазақ тұлғаларына арналған ауқымды бөлім бар.

Кітап Қазақстан Республи­ка­сының Италия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен, «Sandro Teti Editore» баспасынан, қазақ­стандық «Каспий Нефть» АҚ мен «Doscar Foundation Charity Fund» корпоративтік қорының демеушілігімен жарық көрді. Зерттеу сонымен қатар ағылшын тілінде де қолжетімді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью