Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әр азамат саналы таңдау жасауы қажет
Мақсұтбек Айтмағанбеттің айтуынша, қоғамда қандай құндылықтарды қорғайтынымыз, балаларға қандай ел қалдыратынымыз – соның барлығы таңдау жасауымызға байланысты.
«Қазақстанда дауыс беру – әркімнің өз еркіндегі мәселе. Алайда, әр азаматтың өзі қолдайтын партияға дауыс беруі – моральдық тұрғыдан азаматтық борыш әрі жауапты қадам. Сингапур, Аустралия, Бельгия, Аргентина сияқты елдерде сайлауға қатысу міндеттелген. Сайлауға қатыспағаны үшін кейбір мемлекеттерде айыппұл салынса, енді бірқатар елде белгілі бір мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу немесе әкімшілік рәсімдер бойынша шектеулер қойылуы мүмкін. Менің ойымша, әр азаматтың Құрылтай сайлауына қатысуы – елдің бүгіні мен болашағы үшін маңызды», деді М. Айтмағанбет.
Құрылтай сайлауына қатысудың маңыздылығы және азаматтардың белсенділігі
Ол әр азаматтың дауыс беруі керек екенін, азаматтық жауапкершілік осындай қарапайым қадамнан басталатынын атап өтті.
«Сайлауға қатысу – әр азаматтың ең алдымен өз отбасы мен балалары үшін және еліміздің болашағы үшін маңызды. «Саясатқа араласпаймын» немесе «саясаттан ештеңе түсінбеймін» деген ұстаным қоғам алдындағы жауапкершіліктен бас тартумен тең. Себебі кейбір азаматтар саясатқа қызықпауы мүмкін, алайда саясатта қабылданатын шешімдер күнделікті тұрмыс-тіршілікке, балалардың біліміне, денсаулығына, қауіпсіздігіне және әл-ауқатына тікелей ықпал етеді», деді Мақсұтбек Дүйсенбекұлы.
Оның пікірінше, қоғамға сыни ойлау және саяси мәдениет қажет. Ақпаратты тек әлеуметтік желіден емес, сенімді дереккөздерден тексеріп, эмоцияға емес, нақты фактілерге сүйеніп шешім қабылдауды үйренуіміз керек. Бұл – азаматтық сауаттылықтың негізі.
Бала үшін демократия туралы алғашқы сабақ қандай болады?«Дауыс берер алдында әр азамат өз таңдауын саналы түрде жасауы маңызды. Партияның бағдарламасы қандай? Қандай нақты ұсыныстары бар? Уәделерін орындауға әлеуеті жете ме? Көшбасшысы және командасының мүшелері кімдер? Бұған дейін мемлекет пен қоғамның дамуына нақты қандай үлес қосты? Осындай сұрақтардың жауаптарын іздеп, ақпаратты жан-жақты саралаған азамат қана саналы әрі жауапты таңдау жасай алады», деді Мақсұтбек Айтмағанбет.
М. Дүйсенбекұлының айтуынша, бір адамның дауысы барлығын шешпеуі мүмкін, алайда бір қауым көлеміндегі адамдардың дауыстары белгілі бір нәтижені көрсетеді.
«Бір қаланың, бір ауылдың, тіпті үлкен бір ұйымның дауысы шешуші рөл атқаруы әбден мүмкін. Егер көптеген адам дәл осылай ойласа, қоғамның тағдырын осындай белсенді адамдардың шоғыры шешуі ықтимал. Ал үнсіз қалғандар сайлаудың нәтижесіне риза болмаса да, өз жауапкершілігінен қаша алмайды. Болашақ ұрпаққа бейжайлық емес, азаматтық белсенділік үлгі болуы керек. Мысалы, біз «Әкелер одағының» жұмыстарында әр әкенің, әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымының маңызы туралы әрдайым насихаттап келеміз», деді ол.
Мақсұтбек Айтмағанбеттің пікірінше, сайлау арқылы біз мемлекетіміздің даму жолын таңдаймыз. Ал мемлекет – миллиондаған отбасының жиынтығы.
«Отбасына жауапкершілікпен қарайтын адам қоғамға да сондай жауапкершілікпен қарайды. Әр отбасының болашағы – еліміздің дұрыс әрі тиімді даму жолын таңдауына тікелей байланысты екені айдан анық.
Егер ата-ана сайлауға жауапкершілікпен қатысып, өз таңдауын баласына түсіндіре алса, бала үшін бұл – демократия туралы алғашқы сабақ болады. Отбасында мемлекет туралы ашық әңгіме айту, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамау – тәлім-тәрбиенің маңызды бөлігі. Мысалы, мен өз басым мемлекетте, қоғамда не болып жатқаны туралы балаларыма әрдайым айтып отырамын, олардың да көзқарасына құлақ асамын», деді ол.
Мақсұтбек Дүйсенбекұлы Құрылтай сайлауының жаңа Конституция шеңберінде өтетінін тілге тиек етті және жаңа Конституцияда отбасы мен неке институтын қорғаудың күшейтілгенін атап өтті.
Құрылтай – пікірталас алаңы болумен шектелмеуі қажет«Жаңа Конституцияда отбасының ең жоғары құндылық ретінде айқындалуы, некенің ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде нақтылануы және мемлекеттік тіркеуден өткізілген неке ғана заңды деп танылуы – қоғамның тұрақтылығы мен отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам», деді «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы.
Мақсұтбек Айтмағанбеттің айтуынша, халықтың басым бөлігі – Құрылтайға мүше болатын депутаттардан кәсібилік пен қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік күтеді.
«Құрылтайға сайланған әр депутат халықтың аманатын арқалап отырғанын терең сезініп, ел игілігіне қызмет етіп, іс жүзінде орындалатын заңдар мен нақты шешімдердің қабылдануына қызмет етсе халықтың үміті ақталады», деді ол.
Оның сөзінше, Құрылтай тек пікірталас алаңы болып қалмай, халықтың ұсыныстары мен талап-тілектерін мемлекеттік саясатқа жеткізетін тиімді институтқа айналуы керек.
«Жаңа құрамның қоғамдағы өзекті мәселелердің нақты шешім табуына және іс жүзінде орындалуына ықпал ететін деңгейде жұмыс істеуі маңызды», деді Мақсұтбек Дүйсенбекұлы.
Сайлауға қатысу – азаматтық парыз: Құрылтай – халықтың жаңа таңдауы
Ол Құрылтайдың қандай мәселелерді шешуге басымдық беруі керек екенін атап өтті.
«Менің ойымша, жаңа Құрылтай ең алдымен экономиканы дамытуға, өңірлер арасындағы теңсіздікті азайтуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, ұлттық қауіпсіздікке, білім мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға басымдық беруі керек. Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімділігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, отбасы институтын нығайту және жастардың дамуына қатысты нақты ұсыныстардың жүзеге асуына ерекше көңіл бөлуі қажет. Ең бастысы – көтерілген мәселелер талқылаулармен шектелмей, нақты шешімдерге және жақсы нәтижелерге ұласуы керек», деп түйіндеді Мақсұтбек Айтмағанбет.
Депутат мандаты – үлкен жауапкершілік: Құрылтай депутаты халық алдында қалай есеп береді?