Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Сайлауға қатысу құқық қана емес, ел алдындағы жауапкершілік

Сайлауға қатысу құқық қана емес, ел алдындағы жауапкершілік

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әр азамат саналы таңдау жасауы қажет

Мақсұтбек Айтмағанбеттің айтуынша, қоғамда қандай құндылықтарды қорғайтынымыз, балаларға қандай ел қалдыратынымыз – соның барлығы таңдау жасауымызға байланысты.  

«Қазақстанда дауыс беру – әркімнің өз еркіндегі мәселе. Алайда, әр азаматтың өзі қолдайтын партияға дауыс беруі – моральдық тұрғыдан азаматтық борыш әрі жауапты қадам. Сингапур, Аустралия, Бельгия, Аргентина сияқты елдерде сайлауға қатысу міндеттелген. Сайлауға қатыспағаны үшін кейбір мемлекеттерде айыппұл салынса, енді бірқатар елде белгілі бір мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу немесе әкімшілік рәсімдер бойынша шектеулер қойылуы мүмкін. Менің ойымша, әр азаматтың Құрылтай сайлауына қатысуы – елдің бүгіні мен болашағы үшін маңызды», деді М. Айтмағанбет.

Құрылтай сайлауына қатысудың маңыздылығы және азаматтардың белсенділігі

Ол әр азаматтың дауыс беруі керек екенін, азаматтық жауапкершілік осындай қарапайым қадамнан басталатынын атап өтті.

«Сайлауға қатысу – әр азаматтың ең алдымен өз отбасы мен балалары үшін және еліміздің болашағы үшін маңызды. «Саясатқа араласпаймын» немесе «саясаттан ештеңе түсінбеймін» деген ұстаным қоғам алдындағы жауапкершіліктен бас тартумен тең. Себебі кейбір азаматтар саясатқа қызықпауы мүмкін, алайда саясатта қабылданатын шешімдер  күнделікті тұрмыс-тіршілікке, балалардың біліміне, денсаулығына, қауіпсіздігіне және әл-ауқатына тікелей ықпал етеді», деді Мақсұтбек Дүйсенбекұлы.

Оның пікірінше, қоғамға сыни ойлау және саяси мәдениет қажет. Ақпаратты тек әлеуметтік желіден емес, сенімді дереккөздерден тексеріп, эмоцияға емес, нақты фактілерге сүйеніп шешім қабылдауды үйренуіміз керек. Бұл – азаматтық сауаттылықтың негізі.

«Дауыс берер алдында әр азамат өз таңдауын саналы түрде жасауы маңызды. Партияның бағдарламасы қандай? Қандай нақты ұсыныстары бар? Уәделерін орындауға әлеуеті жете ме? Көшбасшысы және командасының мүшелері кімдер? Бұған дейін мемлекет пен қоғамның дамуына нақты қандай үлес қосты? Осындай сұрақтардың жауаптарын іздеп, ақпаратты жан-жақты саралаған азамат қана саналы әрі жауапты таңдау жасай алады», деді Мақсұтбек Айтмағанбет.

Ел болашағы үшін Құрылтай сайлауының маңызы зор

Бала үшін демократия туралы алғашқы сабақ қандай болады?

М. Дүйсенбекұлының айтуынша, бір адамның дауысы барлығын шешпеуі мүмкін, алайда бір қауым көлеміндегі адамдардың дауыстары белгілі бір нәтижені көрсетеді.

«Бір қаланың, бір ауылдың, тіпті үлкен бір ұйымның дауысы шешуші рөл атқаруы әбден мүмкін. Егер көптеген адам дәл осылай ойласа, қоғамның тағдырын осындай белсенді адамдардың шоғыры шешуі ықтимал. Ал үнсіз қалғандар сайлаудың нәтижесіне риза болмаса да, өз жауапкершілігінен қаша алмайды. Болашақ ұрпаққа бейжайлық емес, азаматтық белсенділік үлгі болуы керек. Мысалы, біз «Әкелер одағының» жұмыстарында әр әкенің, әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымының маңызы туралы әрдайым насихаттап келеміз», деді ол.

Қос палатадан бір палатаға: 23 тамыз – Құрылтай сайлауы

Мақсұтбек Айтмағанбеттің пікірінше, сайлау арқылы біз мемлекетіміздің даму жолын таңдаймыз. Ал мемлекет – миллиондаған отбасының жиынтығы.

«Отбасына жауапкершілікпен қарайтын адам қоғамға да сондай жауапкершілікпен қарайды. Әр отбасының болашағы – еліміздің дұрыс әрі тиімді даму жолын таңдауына тікелей байланысты екені айдан анық.

Егер ата-ана сайлауға жауапкершілікпен қатысып, өз таңдауын баласына түсіндіре алса, бала үшін бұл – демократия туралы алғашқы сабақ болады. Отбасында мемлекет туралы ашық әңгіме айту, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамау – тәлім-тәрбиенің маңызды бөлігі. Мысалы, мен өз басым мемлекетте, қоғамда не болып жатқаны туралы балаларыма әрдайым айтып отырамын, олардың да көзқарасына құлақ асамын», деді ол.

Мақсұтбек Дүйсенбекұлы Құрылтай сайлауының жаңа Конституция шеңберінде өтетінін тілге тиек етті және жаңа Конституцияда отбасы мен неке институтын қорғаудың күшейтілгенін атап өтті.

«Жаңа Конституцияда отбасының ең жоғары құндылық ретінде айқындалуы, некенің ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде нақтылануы және мемлекеттік тіркеуден өткізілген неке ғана заңды деп танылуы – қоғамның тұрақтылығы мен отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам», деді «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы.

Құрылтай: Заң шығарушы биліктің жаңа конституциялық моделі

Құрылтай – пікірталас алаңы болумен шектелмеуі қажет

Мақсұтбек Айтмағанбеттің айтуынша, халықтың басым бөлігі – Құрылтайға мүше болатын депутаттардан кәсібилік пен қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік күтеді.

«Құрылтайға сайланған әр депутат халықтың аманатын арқалап отырғанын терең сезініп, ел игілігіне қызмет етіп, іс жүзінде орындалатын заңдар мен нақты шешімдердің қабылдануына қызмет етсе халықтың үміті ақталады», деді ол.

Оның сөзінше, Құрылтай тек пікірталас алаңы болып қалмай, халықтың ұсыныстары мен талап-тілектерін мемлекеттік саясатқа жеткізетін тиімді институтқа айналуы керек.

«Жаңа құрамның қоғамдағы өзекті мәселелердің нақты шешім табуына және іс жүзінде орындалуына ықпал ететін деңгейде жұмыс істеуі маңызды», деді Мақсұтбек Дүйсенбекұлы.

Сайлауға қатысу – азаматтық парыз: Құрылтай – халықтың жаңа таңдауы

Ол Құрылтайдың қандай мәселелерді шешуге басымдық беруі керек екенін атап өтті.

«Менің ойымша, жаңа Құрылтай ең алдымен экономиканы дамытуға, өңірлер арасындағы теңсіздікті азайтуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, ұлттық қауіпсіздікке, білім мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға басымдық беруі керек. Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімділігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, отбасы институтын нығайту және жастардың дамуына қатысты нақты ұсыныстардың жүзеге асуына ерекше көңіл бөлуі қажет. Ең бастысы – көтерілген мәселелер талқылаулармен шектелмей, нақты шешімдерге және жақсы нәтижелерге ұласуы керек», деп түйіндеді Мақсұтбек Айтмағанбет.

Депутат мандаты – үлкен жауапкершілік: Құрылтай депутаты халық алдында қалай есеп береді?

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 10:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары