Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

Таза қала конкурсы басталды

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жол апатына түсті

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

Байланыс операторлары 20 тамыздан бастап тариф бағасын қалай көтереді

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

Шымкенттік жүргізуші полицейлерден кек алу үшін жалған хабар берген

Трамп осы күзде Ким Чен Ынмен құпия саммит өткізуді жоспарлап отыр

Пәкістандағы Президент кубогы: Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

Сайлауға қатысу азаматтық парыз: Құрылтай халықтың жаңа таңдауы

Сайлауға қатысу азаматтық парыз: Құрылтай халықтың жаңа таңдауы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Партиялардың үгіт-насихат жүргізуіне қысқа уақыт қауіп емес

Шілде-тамыз айлары – демалыс кезеңі. Біреулер еңбек демалысында, енді біреулер ауылда, студенттер каникулда болады. Мұндай кезде адамдардың саяси ақпаратты қабылдау деңгейі өзгеретіні мәлім. Сол себепті партиялар бұрынғыдай көп адам қатысатын жиындарға емес, адамдарды шын мәнінде толғандыратын мәселелерге сүйенуге мәжбүр болатыны анық.

Тарихи шешім: Президент Құрылтайдың алғашқы сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Елдос Жұмағұловтың айтуынша, бұрын сайлау алдындағы үгіт-насихат көшеде, мәдениет үйінде немесе ауқымды жиындарда өтетін, ал қазіргі уақытта адамның қолындағы телефон кез келген митингімен салыстырғанда ықпалды.

«Бірақ әлеуметтік желі танымалдылық әкелгенімен, сенімді қалыптастырмайды, сенім уақытпен келеді. Сол себепті қысқа науқанның ең бір кемшілігі – жаңа идеяны түсіндіруге уақыт аз.

Алайда, қысқа мерзімнің ешбір қаупі жоқ.

Нағыз қауіп – партиялардың сайлау алдында ғана қоғаммен қарым-қатынасқа шығып, сайлаудан кейін қоғаммен байланысқа арагідік қана шығуы яки байланысты мүлде дерлік тоқтатуы. Ал партиялардың қоғаммен байланысы ешуақытта үзілмеуі қажет», деді Е. Жұмағұлов.

Осы орайда саясаттанушы Елдос Тәңірбергенұлы әлемдік тәжірибені тілге тиек етті.

«Мысалға Швецияда сайлау науқаны ресми түрде бір-екі апта ғана созылуы мүмкін. Бірақ партиялардың қоғаммен жұмысы ешқашан тоқтамайды. Депутаттар өңірлерде қабылдау өткізеді, партиялар сараптамалық ұсыныстар жариялайды, т.б. Сондықтан ресми науқан олардың жұмысының басталуы емес, қорытынды кезеңі ғана.

Менің ойымша, біз де біртіндеп осындай жағдайға келуіміз керек», деді саясаттанушы.

Саяси бәсеке енді партиялардың болашағымен өлшенеді

Көптеген елдерде партиялардың бірігуі жиі кездесетін құбылыс. Бір партияның өзге партияға енуінің нәтижелі болуы бір ғана факторға байланысты – қоғам жаңа бірлестіктің мақсатын ұғына алды ма, ұғына алмады ма? Бірігу – тек ұйымдастырушылық шешім ретінде қабылданса, қоғамға саяси әсері шектелуі мүмкін. Егер партия жаңа идея, жаңа кадрлық әлеует және жаңа бағдарлама ұсынар болса, сайлаушы тарапынан сәйкесінше баға берілуі де заңдылық.

Қазақстанда да осындай құбылыс болып жатыр. Кадрлық әлеуеті, тәжірибесі, өңірлердегі құрылымдары бар «Amanat» партиясы «Әділет» партиясының құрамына енгені мәлім.

Е. Тәңірбергенұлының айтуынша, саясатта ұйымдарды біріктіру оңай, ал электоратты біріктіру әлдеқайда қиын. Яғни, бір партияға дауыс берген адамдардың барлығы жаңа партияға да дәл солай дауыс береріне ешкім кепіл емес.

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына толық дайын екенін мәлімдеді

«Жаңа партия бұрынғы тәжірибені сақтай отырып, жаңа саяси мазмұн ұсына ала ма? Сайлаушы осындай сұраққа жауап іздейді.

«Amanat» партиясының сайлауға қатыспауы – басқа партияларға да мүмкіндік береді. Бірақ бір нәрсені түсіну керек, егер басқа партиялардың да мықты командасы және қоғамға айтары болмаса, ешқандай саяси өзгеріс оларға жеңіс әкелмейді», деді сарапшы Елдос Жұмағұлов.

Оның пікірінше, енді сайлаушыны «біз кім едік?» деген сұрақ қызықтырмайды, «біз ертең не істейміз?» деген сұрақ қызықтырады.

«Менің ойымша, бұл сайлау – барлық партияға бір ортақ сабақ береді. Нақты айтқанда, бұрын саяси бәсеке – көбіне партиялардың тарихымен өлшенетін, енді болашағымен өлшенеді», деді ол.

Құрылтай сайлауы: ашықтық, жауапкершілік және халық таңдауы

Партиялардың негізгі еңбегі сайлаудан кейін басталуы керек

Кейде бір депутаттың көтерген мәселесі тұтас өңірдің мәселесін шешуге ықпал ететіні, кейде ондаған депутат отырғанымен, белгілі бір мәселе жылдар бойы күн тәртібіне шықпай қалатыны қоғамға белгілі жағдай.

Қазақстан қоғамында «әр өңірден көбірек депутат болса, мәселе тез шешіледі» деген пікір жиі айтылады. Сарапшы бұл пікірмен толық келіспейтінін айтты.

«Бұл пікірге толық қосылмаймын. Өйткені өңірдің мәселесін көтеру үшін міндетті түрде сол өңірден сайлану шарт емес. Егер партияның ішінде тәртіп болса, сауатты сараптама болса және халықпен кері байланыс үзілмесе, әрбір депутат еліміздің кез келген өңірінің мәселесін көтере алады.

Бірақ бұның бір шарты бар. Партиялар сайлаудан кейін Астанада ғана «отырып қалмауы» қажет. Өкінішке қарай, партиялардың өңірлік жұмысы кейде сайлау науқаны кезінде ғана жанданатыны байқалады. Ал партияның негізгі еңбегі сайлаудан кейін басталуы керек.

Қоғаммен күнделікті жұмыс істемейтін партия келесі сайлауда жақсы ұрандарды қанша айтса да, қоғамдық сенімге ие болуы қиын», деді сарапшы Е. Жұмағұлов.

Құрылтай сайлауына дайындық басталды

Бұл сайлаудың ерекшелігі неде?

Елдос Тәңірбергенұлы жаңа модельдің бір ерекшелігіне тоқталды.

«Енді депутаттар партиялық тізім арқылы келеді. Бұл партиялардың жауапкершілігін бұрынғыдан да күшейтеді. Себебі азаматтар енді жеке адамға ғана емес, тұтас командаға дауыс береді.

Егер партия тізіміне кәсіби заңгерді, экономисті, өндірісті білетін маманды, өңірлердің мәселесін жақсы түсінетін азаматтарды қоспаса, оның кемшілігі кейін заң шығару кезінде-ақ қоғамға анық байқала бастайды», деді ол.

Оның сөзінше, бұл сайлаудың басты ерекшелігі – қоғам саясаттың жұмыс істеу тәсілінің өзгеруін күтіп отыр.

«Көпшілік сайлауды мандат үшін күрес деп қабылдайды. Алайда, бұл жолы мәселе одан тереңірек. Жаңа Конституция қоғамға жаңа мүмкіндік береді деген үміт бар. Енді сол мүмкіндікті нақты институтқа айналдыра аламыз ба деген сұраққа жауап беретін кезең басталып отыр», деді Елдос Жұмағұлов.

Ауқымды саяси реформаның алғышарты

Сарапшының пікірінше, алдағы уақытта партиялардың жұмыстарына жаңа талаптар қойылады.

«Қазақстан азаматтары тарапынан алдағы жылдары «Сайлауда қандай уәделер бердіңдер, соның қаншасын орындадыңдар?» деп сұрала бастайды. Бұл – қалыпты құбылыс, осындай кезеңді дамыған елдердің барлығы өткерген. Мысалға, Ұлыбританияда партиялардың сайлауалды бағдарламасы – кейіннен партиялардың жұмысына баға беретін негізгі құжатқа айналады. Оппозиция да, журналистер де, сарапшылар да сол құжатты ашып, «осы уәде орындалды, мынау уәде орындалмады» деп нақты талдайды. Қазақстан да біртіндеп осындай мәдениетке келуі керек», деді саясаттанушы.

Қос палатамен салыстырғанда бірпалаталы құрылымның артықшылығы неде?

Бұрынғы уақытта жасанды интеллект, цифрлық активтер немесе киберқауіпсіздік қазірдегідей көкейкесті мәселе болмаған. Яғни, әлем өте жылдам өзгеріп жатыр. Осындай өзгерістерге уақытында жауап беру тұрғысында қос палаталы Парламентпен салыстырғанда бірпалаталы Құрылтайдың артықшылығы бар.

Сарапшының пікірінше, бірпалаталы Құрылтайда заң қабылдау үдерісі жеңілдейді, шешім тезірек қабылданады, бірақ бір қауіп бар.

«Заңды тез қабылдауға болады, алайда тез қабылданған кейбір заңның салдарын ондаған жыл түзетуге тура келуі мүмкін. Сондықтан заң шығару жылдамдаса да, талқылау сапасы төмендемеуі қажет.

Менің ойымша, болашақта депутаттың басты міндеті заң қабылдау ғана емес, қоғамдағы өзгерісті алдын ала көре білуі болады. Өйткені технология, экономика, еңбек нарығы күн сайын өзгеріп жатыр. Егер заң өмірден қалып қойса, өз маңызын жоғалтады», деді саясаттанушы.

Құрылтай сайлауы: Ауқымды саяси реформаның маңызы

Сарапшы Қазақстанға жаңа заман өзгерістерінен қалмайтын, өмір сапасын жақсартатын заңдар қабылдайтын Құрылтай қажет екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта саясат саласында басты ресурс – әкімшілік мүмкіндік те емес, жарнама да емес. Басты ресурс – азаматтардың сенімі. Ал сенім құндылығын – күн сайынғы жұмыспен ғана қалыптастыруға болады», деп түйіндеді саясаттанушы сарапшы Елдос Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:60
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Шілде 2026 17:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

18 Тамыз 2026 22:08see127

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

20 Тамыз 2026 05:03see117

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see117

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

18 Тамыз 2026 20:52see115

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see114

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see113

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

19 Тамыз 2026 08:42see113

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

18 Тамыз 2026 21:56see111

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see110

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see109

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

20 Тамыз 2026 06:28see107

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жол апатына түсті

18 Тамыз 2026 20:47see106

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

19 Тамыз 2026 12:01see105

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

19 Тамыз 2026 12:29see105

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

19 Тамыз 2026 14:39see105

Байланыс операторлары 20 тамыздан бастап тариф бағасын қалай көтереді

19 Тамыз 2026 11:13see105

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

19 Тамыз 2026 22:34see104

Шымкенттік жүргізуші полицейлерден кек алу үшін жалған хабар берген

19 Тамыз 2026 13:34see103

Трамп осы күзде Ким Чен Ынмен құпия саммит өткізуді жоспарлап отыр

19 Тамыз 2026 11:13see103

Пәкістандағы Президент кубогы: Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

18 Тамыз 2026 21:46see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары