Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Елімізде жаңа Салық кодексін іске асыруға дайындық жүріп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстарды талқылау мақсатында жобалық кеңсенің 8-отырысы өтті. Жиынды Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жүргізді. Кездесу барысында кодекстің нормаларын енгізуге қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Жобалық кеңсе бірнеше ай бойы жаңа Салық кодексінің нормаларын іс жүзінде қалай енгізуге болатынын талқылап келеді. Осы уақыт ішінде жалпы саны 60 мәселе қаралған. Негізгі мақсат – жаңа ережелерді нақтылап, оларды тәжірибеде дұрыс қолдану.
Кеңесте денсаулық сақтау саласына қатысты өзгерістер де сөз болды. Әңгіме дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды импорттағанда қосылған құн салығын қалай қолдану керегі туралы. Сонымен қатар орфандық, яғни сирек кездесетін ауруларға арналған дәрілер мен әлеуметтік маңызы бар медициналық препараттарды ҚҚС-тан босату мәселесі қаралды. Қазір осы бағытта заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізу жұмысы аяқталуға жақын. Биыл 13 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі ҚҚС салынбайтын дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға шекті баға белгілеу туралы шешім қабылдады.
Кеңестегі тағы бір маңызды тақырып – мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алу тәртібі. Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Қаржы министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен «Самұрық-Қазына» компаниясы арнайы салық режімін қолданатын кәсіпкерлерден тауар мен қызмет сатып алу тәртібіне өзгерістер дайындап жатыр. Мұндай өзгерістердің мақсаты – салық заңнамасын сақтау, өндірістік үдерістердің тұрақтылығын қамтамасыз ету әрі нарықтағы бәсекелестікті сақтау. Осы өзгерістерді дайындау үшін Ұлттық экономика министрлігі бірыңғай негіз қалыптастырады.
Кеңесте «таза парақтан» әкімшілендіру, салық режімдерін өзгерту, қаржы секторындағы мәселелер, сондай-ақ салықтық электрондық әкімшілендіру жүйесінің жұмысына қатысты бірқатар сұрақ та талқыланып, жедел шешілген. Сонымен қатар Салық кодексіне өзгеріс енгізуді қажет ететін нақты мәселелер тізімі де анықталды.
Бірінші мәселе – мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жеке табыс салығы аясында шегерімді қолдану тәртібі. Қазір салық шегерімінің мөлшері мүгедектік тобына байланысты белгіленеді, ол 5000 немесе 882 АЕК болуы мүмкін. Егер адамның мүгедектік тобы бір жыл ішінде өзгерсе, қандай шегерім қолдану керегі түсініксіз болып қалады. Сондықтан жаңа ұсыныста мұндай жағдайда «сіңіру» қағидаты қолданылады, яғни ең жоғары шегерім мөлшері 5000 АЕК есепке алынады. Бұл норма Салық кодексінің 404-бабында нақты көрсетілмек.
Екінші мәселе – кредиттер мен қарыздарға, сыйақыларға қатысты электрондық шот-фактура (ЭШФ) талаптары. Қазір осы санаттар сыйақысы ҚҚС-тан босатылған. Бұл Салық кодексінің 474-бабында көрсетілген. Бірақ редакциялық дәлсіздікке байланысты мұндай операциялар ЭШФ талап етілмейтін операциялар тізіміне енгізілмеген. Сондықтан мұндай операцияларда электрондық шот-фактура жазу талабын алып тастау ұсынылып отыр. Бұл норма 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті түрде қолданылуы мүмкін.
Үшінші мәселе – салық құпиясына жатпайтын ақпараттардың тізімін кеңейту. Ұсыныс аясында салық құпиясына жатпайтын мәліметтердің қатарына әлеуметтік төлемдер сомасы туралы деректер, әлеуметтік төлемдердегі берешек туралы ақпарат және салық төлеушінің жеке тіркеу деректері енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер салық әкімшілендіруін цифрландыруға және әлеуметтік міндеттемелерді орындауды жеңілдетуге бағытталған. Бұл үшін Салық кодексінің 45-бабына түзетулер енгізу қажет.
Төртінші мәселе – авиация саласына арналған жанар-жағармай (ЖЖМ) импорты. Қазіргі заңда әуе тасымалына арналған ЖЖМ импортталған кезде ҚҚС төлеуден босатылады. Бұл Салық кодексінің 479-бабында көрсетілген. Алайда қолданыстағы мәтінде кейбір түсінбеушілік бар. Кей жағдайда импортты дипломатиялық өкілдіктер растауы керек деген талап пайда болуы мүмкін. Мұндай сәйкессіздіктерді болдырмас үшін заң нормасын нақтылау ұсынылып отыр.
Бесінші мәселе – энергетикалық сусындарды экспорттау кезінде акцизден босату. Жалпы, ережеде акцизделетін тауарлар экспортталса, акциз төленбейді. Бірақ ұзақмерзімді өңдеу кезінде ерекше жағдай туындайды. Бұл жағдайда дайын өнімді шикізат иесіне берген кезде акциз өңдеушіде пайда болады, тіпті та-уар кейін экспортқа шығарылса да. Сондықтан егер өнім кейін экспортталатын болса, оны беру кезінде акцизден босату ұсынылады. Осындай механизм қазірдің өзінде мұнай өнімдеріне қатысты қолданылады.
Алтыншы мәселе – кең таралған пайдалы қазбалар үшін төленетін салық. Бюджет кодексіне сай бұл төлем пайдалы қазбалар өндірілетін жердің бюджетіне түседі. Ал Салық кодексінде төлем жер қойнауын пай-даланушының тіркелген жері бойынша жүргізіледі деп көрсетілген. Осы екі норма арасында айырмашылық бар. Сондықтан оларды бір-біріне сәйкестендіру үшін Салық кодексіне және есептілік формаларына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Елімізде қай жолдар жабық тұр?
Қазақстан • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:12
Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды
Үкімет • Бүгін, 09:00
Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды
Саясат • Бүгін, 08:55
Шыны зауытындағы бірегей жобалар
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі
Энергетика • Бүгін, 08:45
Еңбек көші-қонында тәуекел көп
Қоғам • Бүгін, 08:40
Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам
Пікір • Бүгін, 08:38
Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс
Зерде • Бүгін, 08:35
Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады
Ата заң • Бүгін, 08:33
Білім • Бүгін, 08:30
Ата-анаға құрмет – елдік қасиет
Пікір • Бүгін, 08:28
Тәрбие • Бүгін, 08:25
Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы
Пікір • Бүгін, 08:22
Наурыз айындағы тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 08:20