Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Дмитрий Киселев ТЭФИ 2026 ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаты атанды

Ақтөбедегі су тасқыны: тұрғындар жұмысқа және үйге әрең жетуде

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп, 10 жасар бала құтқарылды

Қоқан лоққы, атыс және өлген ит. Семейде қарулы ер адам кезіп жүрді

Атырауда мас күйінде рөлге отырған зейнеткер ұсталды

105 елдің азаматы Қазақстанға электрондық визамен кіре алады

Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін айтты

Асыл бесік Ақсуат фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды

Алматыға халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс көрме қажет министр

Министр Алматының не нәрсеге қатты мұқтаж екенін айтты

Қазақ қытай ғалымдары шегірткемен күрестің жаңа әдісін ұсынды

ҚР Ұлттық экономика вице министрі тағайындалды: Бекболат Молдабеков жайлы не белгілі

Бюджеттің қыруар қаржысы есепшоттарда игерілмей жатады Смайылов

Қайсар командасында доп тепкен Бен Загре өмірден өтті

Ұшқыш туған күнінде қаза тапқан: Павлодар облысындағы Ан 2 апатына қатысты жаңа мәліметтер айтылды

Құнды экспонаттар жеткізілді

Димаш Құдайберген өзі туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады

Бектенов әкімдерден туристік инфрақұрылымды күшейтуді талап етті

Жас кәсіпкер бір сәтте бірнеше баланы оқытатын жүйе ойлап тапты

Астанада құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық ашылды

Салық жүйесіндегі өзгерістер сараланды

Салық жүйесіндегі өзгерістер сараланды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елімізде жаңа Салық кодексін іске асыруға дайындық жүріп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстарды талқылау мақсатында жобалық кеңсенің 8-отырысы өтті. Жиынды Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жүргізді. Кездесу барысында кодекстің нормаларын енгізуге қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Жобалық кеңсе бірнеше ай бойы жаңа Салық кодексінің нормаларын іс жүзінде қалай енгізуге болатынын талқылап келеді. Осы уақыт ішінде жалпы саны 60 мәселе қаралған. Негізгі мақсат – жаңа ережелерді нақтылап, оларды тәжірибеде дұрыс қолдану.

Кеңесте денсаулық сақтау саласына қатысты өзгерістер де сөз болды. Әңгіме дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды импорттағанда қосылған құн салығын қалай қолдану керегі туралы. Сонымен қатар орфандық, яғни сирек кездесетін ауруларға арналған дәрілер мен әлеуметтік маңызы бар медициналық препарат­тар­ды ҚҚС-тан босату мәселесі қарал­ды. Қазір осы бағытта заңға тәуел­ді акті­­лерге өзгерістер енгізу жұ­мы­сы аяқ­талуға жақын. Биыл 13 ақпан­да Ден­саулық сақтау министрлігі ҚҚС салын­байтын дәрі-дәрмек пен меди­ци­налық бұйымдарға шекті баға бел­гілеу туралы шешім қабылдады.

Кеңестегі тағы бір маңызды тақырып – мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алу тәртібі. Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Қаржы министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен «Самұрық-Қазына» компаниясы арнайы салық режімін қолданатын кәсіпкерлерден тауар мен қызмет сатып алу тәртібіне өзгерістер да­йындап жатыр. Мұндай өзгерістердің мақсаты – салық заңнамасын сақтау, өндірістік үдерістердің тұрақ­тылығын қамтамасыз ету әрі нарық­тағы бәсекелестікті сақтау. Осы өзгеріс­тер­ді дайындау үшін Ұлттық экономика министрлігі бірыңғай негіз қалыптастырады.

Кеңесте «таза парақтан» әкімші­лендіру, салық режімдерін өзгерту, қаржы секторындағы мәселелер, сондай-ақ салықтық электрондық әкімшілендіру жүйесінің жұмысына қатысты бірқатар сұрақ та талқы­ланып, жедел шешілген. Сонымен қатар Салық кодексіне өзгеріс енгізуді қа­жет ететін нақты мәселелер тізімі де анықталды.

Бірінші мәселе – мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жеке табыс салығы аясында шегерімді қолдану тәртібі. Қазір салық шегерімінің мөлшері мүгедектік тобына байланысты белгіленеді, ол 5000 немесе 882 АЕК болуы мүмкін. Егер адамның мүгедектік тобы бір жыл ішінде өзгерсе, қандай шегерім қолдану керегі түсініксіз болып қалады. Сондықтан жаңа ұсыныста мұндай жағдайда «сіңіру» қағидаты қолданылады, яғни ең жоғары шегерім мөлшері 5000 АЕК есепке алынады. Бұл норма Салық кодексінің 404-бабында нақты көрсетілмек.

Екінші мәселе – кредиттер мен қарыздарға, сыйақыларға қатысты электрондық шот-фактура (ЭШФ) талап­тары. Қазір осы санаттар сыйақысы ҚҚС-тан босатылған. Бұл Салық кодексінің 474-бабында көр­сетілген. Бірақ редакциялық дәлсіздікке байланысты мұндай операциялар ЭШФ талап етілмейтін операциялар тізіміне енгізілмеген. Сондықтан мұндай операцияларда электрондық шот-фактура жазу талабын алып тастау ұсынылып отыр. Бұл норма 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті түрде қолданылуы мүмкін.

Үшінші мәселе – салық құпиясына жатпайтын ақпараттардың тізімін кеңейту. Ұсыныс аясында салық құпиясына жатпайтын мәліметтердің қатарына әлеуметтік төлемдер сомасы туралы деректер, әлеуметтік төлемдердегі берешек туралы ақпарат және салық төлеушінің жеке тіркеу деректері енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер салық әкімшілендіруін цифрландыруға және әлеуметтік міндеттемелерді орындауды жеңіл­детуге бағытталған. Бұл үшін Салық кодексінің 45-бабына түзетулер енгізу қажет.

Төртінші мәселе – авиация саласына арналған жанар-жағармай (ЖЖМ) импорты. Қазіргі заңда әуе тасымалына арналған ЖЖМ импортталған кезде ҚҚС төлеуден босатылады. Бұл Салық кодексінің 479-бабында көрсетілген. Алайда қолданыстағы мәтінде кейбір түсінбеушілік бар. Кей жағдайда импортты дипломатиялық өкілдіктер растауы керек деген талап пайда болуы мүмкін. Мұндай сәйкессіздіктерді болдырмас үшін заң нормасын нақтылау ұсынылып отыр.

Бесінші мәселе – энергетикалық сусындарды экспорттау кезінде акцизден босату. Жалпы, ережеде акцизделетін тауарлар экспортталса, акциз төленбейді. Бірақ ұзақмерзімді өңдеу кезінде ерекше жағдай туындайды. Бұл жағдайда дайын өнімді шикізат иесіне берген кезде акциз өңдеушіде пайда болады, тіпті та-уар кейін экспортқа шығарылса да. Сондықтан егер өнім кейін экспортталатын болса, оны беру кезінде акцизден босату ұсынылады. Осындай механизм қазірдің өзінде мұнай өнімдеріне қатысты қолданылады.

Алтыншы мәселе – кең таралған пайдалы қазбалар үшін төленетін салық. Бюджет кодексіне сай бұл төлем пайдалы қазбалар өндірілетін жердің бюджетіне түседі. Ал Салық кодексінде төлем жер қойнауын пай-даланушының тіркелген жері бойынша жүргізіледі деп көрсетілген. Осы екі норма арасында айырмашылық бар. Сондықтан оларды бір-біріне сәйкестендіру үшін Салық кодексіне және есептілік формаларына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:12

Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды

Үкімет • Бүгін, 09:00

Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды

Саясат • Бүгін, 08:55

Шыны зауытындағы бірегей жобалар

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі

Энергетика • Бүгін, 08:45

Еңбек көші-қонында тәуекел көп

Қоғам • Бүгін, 08:40

Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам

Пікір • Бүгін, 08:38

Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс

Зерде • Бүгін, 08:35

Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады

Ата заң • Бүгін, 08:33

Оқушылар қалай тамақтанады?

Білім • Бүгін, 08:30

Ата-анаға құрмет – елдік қасиет

Пікір • Бүгін, 08:28

Ұрпақ тәрбиесінің төрт тұғыры

Тәрбие • Бүгін, 08:25

Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы

Пікір • Бүгін, 08:22

Наурыз айындағы тестілеу басталды

Білім • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 10:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Дмитрий Киселев ТЭФИ 2026 ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаты атанды

08 Маусым 2026 20:53see124

Ақтөбедегі су тасқыны: тұрғындар жұмысқа және үйге әрең жетуде

08 Маусым 2026 20:36see124

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп, 10 жасар бала құтқарылды

08 Маусым 2026 20:52see123

Қоқан лоққы, атыс және өлген ит. Семейде қарулы ер адам кезіп жүрді

09 Маусым 2026 10:44see118

Атырауда мас күйінде рөлге отырған зейнеткер ұсталды

09 Маусым 2026 01:07see117

105 елдің азаматы Қазақстанға электрондық визамен кіре алады

09 Маусым 2026 12:57see114

Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін айтты

09 Маусым 2026 21:53see114

Асыл бесік Ақсуат фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды

09 Маусым 2026 00:19see113

Алматыға халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс көрме қажет министр

09 Маусым 2026 12:36see113

Министр Алматының не нәрсеге қатты мұқтаж екенін айтты

09 Маусым 2026 10:54see111

Қазақ қытай ғалымдары шегірткемен күрестің жаңа әдісін ұсынды

09 Маусым 2026 22:26see111

ҚР Ұлттық экономика вице министрі тағайындалды: Бекболат Молдабеков жайлы не белгілі

09 Маусым 2026 15:33see110

Бюджеттің қыруар қаржысы есепшоттарда игерілмей жатады Смайылов

10 Маусым 2026 12:10see109

Қайсар командасында доп тепкен Бен Загре өмірден өтті

08 Маусым 2026 20:30see109

Ұшқыш туған күнінде қаза тапқан: Павлодар облысындағы Ан 2 апатына қатысты жаңа мәліметтер айтылды

09 Маусым 2026 10:21see108

Құнды экспонаттар жеткізілді

09 Маусым 2026 10:42see108

Димаш Құдайберген өзі туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады

08 Маусым 2026 21:06see108

Бектенов әкімдерден туристік инфрақұрылымды күшейтуді талап етті

09 Маусым 2026 14:14see108

Жас кәсіпкер бір сәтте бірнеше баланы оқытатын жүйе ойлап тапты

09 Маусым 2026 10:57see106

Астанада құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық ашылды

08 Маусым 2026 20:07see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары