Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: ашық дереккөз
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, алаяқтар пайдаланушыларға Telegram-ның ресми қолдау қызметі атынан жалған хабарламалар жіберіп отыр. Мұндай хабарламаларда аккаунтты жою туралы сұрау салу келіп түскені, ал оны болдырмау үшін шұғыл түрде арнайы батырманы басу қажет екені көрсетіледі.
«Әдетте алаяқтар пайдаланушыны уақытпен шектеп, аккаунтты жоюды тек 24 сағат ішінде ғана тоқтатуға болатынын хабарлайды. Сондай-ақ көрсетілген мерзім өткеннен кейін аккаунт, хат алмасулар, файлдар мен контактілер қайтарымсыз жойылатыны туралы ескертеді. Іс жүзінде, бұл схема психологиялық қысым жасауға негізделген: алаяқтар пайдаланушының аккаунтқа қолжетімділікті жоғалтып алу қорқынышын пайдаланып, оны асығыс әрекет жасауға итермелейді. Батырманы басқаннан кейін пайдаланушы Telegram-ботқа немесе жалған парақшаға бағытталады. Ол жерде SMS арқылы немесе мессенджерден келген растау кодын енгізу сұралады», делінген ақпаратта.
«Отбасы тарифі» арқылы алдайды: жаңа интернет-алаяқтық схемасы анықталды
Іс жүзінде аккаунтты жоюды болдырмайтын ешқандай рәсім жоқ. Кодты енгізу арқылы пайдаланушы алаяқтарға өз аккаунтына қолжетімділікті өз қолымен береді.
Айта кетейік, Telegram-ның ресми қолдау қызметі ешқашан пайдаланушылардан үшінші тарап боттары немесе күмәнді сілтемелер арқылы растау кодтарын, құпиясөздерді немесе аккаунтқа кіруге қажетті өзге де деректерді сұрамайды.
Алаяқтар аккаунтты бақылауға алғаннан кейін хат-хабарларды оқуға, жеке деректерге қолжетімділік, аккаунт иесінің атынан хабарламалар жіберуге, контактілерден ақша аударуды сұрауға және басқа алаяқтық шабуылдар үшін пайдалануға мүмкіндік алады.
Интернеттегі саудада сақ болыңыз: жаңа алаяқтық әдіс анықталды
Алаяқтық хабарламаның негізгі белгілері:
жіберуші өзін қолдау қызметінің өкілі ретінде таныстырады, бірақ ресми расталған мәртебесі жоқ; хабарламада шұғыл түрде сілтеме арқылы өтуді немесе ботты пайдалануды талап етеді; пайдаланушыдан SMS немесе Telegram арқылы келген растау кодын енгізуді сұрайды; аккаунтты жоғалту қаупі мен асығыстық сезімін қалыптастырады; хабарлама жіберушінің аккаунты жақында құрылған, атауын өзгерткен немесе күмәнді белгілері бар; мәтінде оғаш тұжырымдар, қателер немесе күмәнді сілтемелер кездеседі.Украинадағы алаяқтық: Қазақстан азаматтарын алдап келген 53 шетел азаматы ұсталды
Аккаунтты қорғау үшін келесі іс-шаралар ұсынылады:
растау кодтары мен құпиясөздерді ешкімге хабарламаңыз; күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз; Telegram деректерін бөгде парақшаларда немесе боттарда енгізбеңіз; қосымшаның баптауларында екі кезеңді аутентификацияны қосыңыз; «Құрылғылар» бөліміндегі белсенді сеанстарды тұрақты түрде тексеріңіз; белгісіз немесе күмәнді қосылымдарды аяқтаңыз; ақпаратты тек Telegram-ның ресми арналарынан және баптауларынан алыңыз.Ақпаратты тексеруге кеткен бірнеше минут аккаунтыңызды, жеке деректеріңізді және жақындарыңызды ықтимал зияннан қорғауға көмектеседі.
Банк басшысының бейнесін қолданған: Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды