Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Сақ болыңыз: Telegram аккаунтты бұзып кірудің жаңа қауіпті схемасы пайда болды

Сақ болыңыз: Telegram аккаунтты бұзып кірудің жаңа қауіпті схемасы пайда болды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: ашық дереккөз

Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, алаяқтар пайдаланушыларға Telegram-ның ресми қолдау қызметі атынан жалған хабарламалар жіберіп отыр. Мұндай хабарламаларда аккаунтты жою туралы сұрау салу келіп түскені, ал оны болдырмау үшін шұғыл түрде арнайы батырманы басу қажет екені көрсетіледі.

«Әдетте алаяқтар пайдаланушыны уақытпен шектеп, аккаунтты жоюды тек 24 сағат ішінде ғана тоқтатуға болатынын хабарлайды. Сондай-ақ көрсетілген мерзім өткеннен кейін аккаунт, хат алмасулар, файлдар мен контактілер қайтарымсыз жойылатыны туралы ескертеді. Іс жүзінде, бұл схема психологиялық қысым жасауға негізделген: алаяқтар пайдаланушының аккаунтқа қолжетімділікті жоғалтып алу қорқынышын пайдаланып, оны асығыс әрекет жасауға итермелейді. Батырманы басқаннан кейін пайдаланушы Telegram-ботқа немесе жалған парақшаға бағытталады. Ол жерде SMS арқылы немесе мессенджерден келген растау кодын енгізу сұралады», делінген ақпаратта.

«Отбасы тарифі» арқылы алдайды: жаңа интернет-алаяқтық схемасы анықталды

Іс жүзінде аккаунтты жоюды болдырмайтын ешқандай рәсім жоқ. Кодты енгізу арқылы пайдаланушы алаяқтарға өз аккаунтына қолжетімділікті өз қолымен береді.

Айта кетейік, Telegram-ның ресми қолдау қызметі ешқашан пайдаланушылардан үшінші тарап боттары немесе күмәнді сілтемелер арқылы растау кодтарын, құпиясөздерді немесе аккаунтқа кіруге қажетті өзге де деректерді сұрамайды.

Алаяқтар аккаунтты бақылауға алғаннан кейін хат-хабарларды оқуға, жеке деректерге қолжетімділік, аккаунт иесінің атынан хабарламалар жіберуге, контактілерден ақша аударуды сұрауға және басқа алаяқтық шабуылдар үшін пайдалануға мүмкіндік алады.

Интернеттегі саудада сақ болыңыз: жаңа алаяқтық әдіс анықталды

Алаяқтық хабарламаның негізгі белгілері:

жіберуші өзін қолдау қызметінің өкілі ретінде таныстырады, бірақ ресми расталған мәртебесі жоқ; хабарламада шұғыл түрде сілтеме арқылы өтуді немесе ботты пайдалануды талап етеді; пайдаланушыдан SMS немесе Telegram арқылы келген растау кодын енгізуді сұрайды; аккаунтты жоғалту қаупі мен асығыстық сезімін қалыптастырады; хабарлама жіберушінің аккаунты жақында құрылған, атауын өзгерткен немесе күмәнді белгілері бар; мәтінде оғаш тұжырымдар, қателер немесе күмәнді сілтемелер кездеседі.

Украинадағы алаяқтық: Қазақстан азаматтарын алдап келген 53 шетел азаматы ұсталды

Аккаунтты қорғау үшін келесі іс-шаралар ұсынылады:

растау кодтары мен құпиясөздерді ешкімге хабарламаңыз; күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз; Telegram деректерін бөгде парақшаларда немесе боттарда енгізбеңіз; қосымшаның баптауларында екі кезеңді аутентификацияны қосыңыз; «Құрылғылар» бөліміндегі белсенді сеанстарды тұрақты түрде тексеріңіз; белгісіз немесе күмәнді қосылымдарды аяқтаңыз; ақпаратты тек Telegram-ның ресми арналарынан және баптауларынан алыңыз.

Ақпаратты тексеруге кеткен бірнеше минут аккаунтыңызды, жеке деректеріңізді және жақындарыңызды ықтимал зияннан қорғауға көмектеседі.

Банк басшысының бейнесін қолданған: Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 10:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары