Сауль Альварес мансабын қашан аяқтайтынын айтты

23.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: AFP

Канело белгілі журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында алдағы уақытта тағы үш-төрт жекпе-жек өткізіп, содан кейін үлкен спортпен қоштасуды көздейтінін айтты.

Жәнібек Әлімханұлы Канело Альваресті жекпе-жекке шақырды

Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін рингке қаржы үшін емес, боксқа деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы үшін шығып келе жатқанын атап өтті.

«Мен мұны үлкен гонорар үшін істеп жүрген жоқпын. Боксты әлі де шын жүректен жақсы көремін және одан ләззат аламын. Бұл спортта дәлелдейтін ештеңем қалған жоқ. Мен өз мақсаттарымның басым бөлігіне жеттім. Мүмкін тағы үш-төрт жекпе-жек өткіземін. Себебі бокстан тыс өмірде де жоспарларым бар», деді Альварес.

Айта кетейік, өткен жылы Сауль Альварес абсолютті әлем чемпионы атағы үшін америкалық Теренс Кроуфордпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді. Бұл нәтиже көпшілік үшін күтпеген жағдай болды.

Головкин рингке қашан оралады? Канело пікір білдірді

Канелоның келесі жекпе-жегі 12 қыркүйекте өтеді. «Mexico vs The World» турнирінде ол екінші орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Кристиан Мбиллимен қолғап түйістіреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альварес өнер көрсететін суперорта салмаққа ауысатындығын мәлімдеген еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью