Сауль Альварес мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: AFP
Канело белгілі журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында алдағы уақытта тағы үш-төрт жекпе-жек өткізіп, содан кейін үлкен спортпен қоштасуды көздейтінін айтты.
Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін рингке қаржы үшін емес, боксқа деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы үшін шығып келе жатқанын атап өтті.
«Мен мұны үлкен гонорар үшін істеп жүрген жоқпын. Боксты әлі де шын жүректен жақсы көремін және одан ләззат аламын. Бұл спортта дәлелдейтін ештеңем қалған жоқ. Мен өз мақсаттарымның басым бөлігіне жеттім. Мүмкін тағы үш-төрт жекпе-жек өткіземін. Себебі бокстан тыс өмірде де жоспарларым бар», деді Альварес.
Айта кетейік, өткен жылы Сауль Альварес абсолютті әлем чемпионы атағы үшін америкалық Теренс Кроуфордпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді. Бұл нәтиже көпшілік үшін күтпеген жағдай болды.
Канелоның келесі жекпе-жегі 12 қыркүйекте өтеді. «Mexico vs The World» турнирінде ол екінші орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Кристиан Мбиллимен қолғап түйістіреді.
Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альварес өнер көрсететін суперорта салмаққа ауысатындығын мәлімдеген еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 19:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















