Саясаттанушы: Жаңа Конституция жобасының авторы халық

11.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Негізінде, жаңа Конституция жобасының авторы — тек қана жұмыс тобының 33 мүшесі мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 130 мүшесі ғана емес. Egov және eOtinish арқылы ұсыныстарын жеткізген 10 мыңнан астам азамат та — құжаттың авторы. Өйткені, біз олардың да талап-тілектерін ескердік, — деді ол.

Саясаттанушының сөзінше, жаңа Ата заң жобасы, осылайша, тар шеңберде ғана талқыланбай, мыңдаған адамның қатысуымен дайындалды.

— Енді ары қарай құжат референдумда жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде қолдау тапса, бекітіледі. Референдумда, заң бойынша, дауыс берушілердің жартысынан астамы қатысуы керек. Демек, қабылданған жағдайда, жаңа Конституцияны бір топ сарапшы ғана емес, қалың ел қолдаған болып есептеледі. Халықтың саяси үдерістерге қатысуы деген — осы, — деп түйіндеді М. Шибұтов.

Айта кетейік, бұған дейін жаңа Конституция жобасының өзегі адам және адам құқықтары екенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью