Саясаттанушы: Жаңа Конституция жобасының авторы халық
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Негізінде, жаңа Конституция жобасының авторы — тек қана жұмыс тобының 33 мүшесі мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 130 мүшесі ғана емес. Egov және eOtinish арқылы ұсыныстарын жеткізген 10 мыңнан астам азамат та — құжаттың авторы. Өйткені, біз олардың да талап-тілектерін ескердік, — деді ол.
Саясаттанушының сөзінше, жаңа Ата заң жобасы, осылайша, тар шеңберде ғана талқыланбай, мыңдаған адамның қатысуымен дайындалды.
— Енді ары қарай құжат референдумда жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде қолдау тапса, бекітіледі. Референдумда, заң бойынша, дауыс берушілердің жартысынан астамы қатысуы керек. Демек, қабылданған жағдайда, жаңа Конституцияны бір топ сарапшы ғана емес, қалың ел қолдаған болып есептеледі. Халықтың саяси үдерістерге қатысуы деген — осы, — деп түйіндеді М. Шибұтов.
Айта кетейік, бұған дейін жаңа Конституция жобасының өзегі адам және адам құқықтары екенін жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:17
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 17:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















