Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Шебер қыш өнерін бірнеше жыл бойы зерттеп, еліміздегі және шетелдегі шеберлердің тәжірибесін зерделеген. Алматы қаласындағы шеберханалардың бірінде Данияр Бабашев есімді белгілі шеберден сабақ алып, алғашқы қыш бұйымы – құмыраны жасайды. Бүгінде сол алғашқы еңбегі оның шеберлік жолындағы ерекше естелік ретінде сақтаулы тұр. Оның айтуынша, қышпен жұмыс істеу үшін адамда ынта мен сабыр болуы қажет. Себебі бұл өнер физикалық күшті де, шығармашылық шабытты да талап етеді.
Фото: Нұрдәулет Исатайұлы- Керамикамен айналысу – төзімнің өнері. Бұл істе әрбір қозғалыс, әрбір ұсақ бөлшек маңызды. Сондай-ақ сурет салу қабілеті мен қол икемі де үлкен рөл атқарады. Қолөнердің талай түрін жасап көрдім. Мүсін де, макет те, түрлі бұйымдар да. Бірақ бәрінен де керамика ең күрделі, ең жауапты өнер екеніне көзім жетті. Сол үшін осы салаға қызығушылығым артып, үш жылдан бері қыш өнерін зерттеп, әрі бұрыннан осы өнермен айналысып жүрген шеберлерден үйреніп жүрмін, - дейді ол.
Қыш бұйымын жасау процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен саз балшық арнайы сүзгілерден өткізіліп, иленеді. Кейіннен «гад шарлы аспап» деп аталатын құрылғы арқылы айналдыра отырып, бұйымның пішіні шығарылады. Одан соң шебер оның сыртын безендіріп, өрнек түсіреді. Соңғы саты – бояу мен күйдіру.
Фото: Нұрдәулет ИсатайұлыКерамиканы күйдіру үшін арнайы пеш қажет. Сол пеште саз балшықты күйдіруде өзіне тән температурасы бар, сондықтан оны дәл сақтау– аса жауапты сәт. Шебердің басты мәселесі – қышты күйдіретін арнайы пеші жоқ. Сондықтан ол жасаған бұйымдарын Алматы қаласына апарып, күйдіруге мәжбүр. Әзірге Маңғыстау өңірінде қыш күйдіретін арнайы пеш жоқ. Болашақта өзі де сапалы пеш сатып алып, бұйымдарын толық циклмен дайындап, сатылымға шығаруды көздеп отыр.
Фото: Нұрдәулет ИсатайұлыНұрдәулет Исатайұлы Қазақстанда қыш өндірісінің әлі толық дамымағанын айтады. Қазіргі таңда сапалы саз балшық негізінен Қонаев қаласындағы цехтар арқылы Өзбекстаннан жеткізіледі. Шебер сол өндіріс орындарына барып, қышты дайындау мен өңдеу процесін өз көзімен көріп қайтқан.
Фото: Нұрдәулет Исатайұлы- Керамика өнері елімізде енді-енді дамып келеді. Қыштан жасалған бұйымдарға деген қызығушылық артып келе жатқанымен, кәсіби деңгейде өндіру әлі жолға қойыла қойған жоқ. Қыш ыдыстың басты ерекшелігі – оның табиғилығында. Мұндай ыдыс ыстық тағамды ұзақ уақыт ыссы күйінде, салқын сусынды салқын қалпында сақтай алады. Ертеде ата-бабаларымыздың қыштан жасалған торсықтарды жиі пайдалануы да – соның дәлелі. Қазір елімізде қыш ыдыстардың орнына Ресей мен Қытайдан әкелінген өнімдер көп қолданылады. Мұндай ыдыстар арзан бояумен жасалып, толық күйдіру процесінен өтпейтіндіктен тез сынғыш келеді. Ал сапалы керамика бұйымдарын жасау үшін әр ыдыс кем дегенде 8 сағат бойы жоғары температурада күйдірілуі тиіс, - дейді ол.
Жақында Ақтау қаласында өткен фестивальда Нұрдәулет өз қолымен жасаған ең әдемі тәрелкесін музей қорына тапсырған. Бұл оның ең сүйікті жұмысы әрі шығармашылық жолындағы маңызды жетістіктердің бірі екен. Нұрдәулет Исатайұлы – тек шебер ғана емес, ұстаз. Ол керамика өнерін жас ұрпаққа үйретіп жүр.
Фото: Нұрдәулет Исатайұлы– Біз оқыған кезде еңбек сабағында мұндай бағыттар мүлде болған жоқ. Тек теориялық сабақтарды ғана оқыдық. Сол ұстанымды бұзып, мектеп қабырғасында оқушыларға еңбек сабағында көптеген шеберлік сабақтарын өткізіп, қолөнер бұйымдарын үйретуге болатынын дәлелдегім келеді. Оқушылар басқа сабақтардан шаршап келіп, еңбек сабағында шығармашылықпен айналысып, демалса деймін. Еңбек сабағы – баланың қиялын ұштайтын, қолын жаттықтыратын ерекше пән, - дейді шебер ұстаз.
Нұрдәулеттің алдағы мақсаты – Жаңаөзен қаласында үлкен шығармашылық шеберхана ашу. Онда арт-терапия элементтері бар сабақтар өткізіп, туристерге арналған көрме ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ол үшін қыш өнері – тек кәсіп емес, өмірдің мәні. Ол ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіре отырып, ерекше дүниелер жасауға тырысады.
Фото: Нұрдәулет ИсатайұлыМаңғыстау жерінде қыш өнерін дамыту арқылы өз қолтаңбасын қалдырғысы келеді. Бүгінде ол №21 мектепте, өзге де білім ошақтарында және оқушыларға арналған шығармашылық орталықта үйірме ашып, балаларға қышпен жұмыс істеуді, мүсіндеуді, бояу мен өрнек салу тәсілдерін үйретіп жүр.
Фото: Нұрдәулет ИсатайұлыБұған дейін, Қазақстанның туристік маусымы наурызда өтетін екі маңызды іс-шарамен ашылатыны туралы жазған едік.
Фото: Нұрдәулет Исатайұлының жеке мұрағатынан