Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Саз балшықтан сән туғызған шебер

Саз балшықтан сән туғызған шебер

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Шебер қыш өнерін бірнеше жыл бойы зерттеп, еліміздегі және шетелдегі шеберлердің тәжірибесін зерделеген. Алматы қаласындағы шеберханалардың бірінде Данияр Бабашев есімді белгілі шеберден сабақ алып, алғашқы қыш бұйымы – құмыраны жасайды. Бүгінде сол алғашқы еңбегі оның шеберлік жолындағы ерекше естелік ретінде сақтаулы тұр. Оның айтуынша, қышпен жұмыс істеу үшін адамда ынта мен сабыр болуы қажет. Себебі бұл өнер физикалық күшті де, шығармашылық шабытты да талап етеді.

Фото: Нұрдәулет Исатайұлы

- Керамикамен айналысу – төзімнің өнері. Бұл істе әрбір қозғалыс, әрбір ұсақ бөлшек маңызды. Сондай-ақ сурет салу қабілеті мен қол икемі де үлкен рөл атқарады. Қолөнердің талай түрін жасап көрдім. Мүсін де, макет те, түрлі бұйымдар да. Бірақ бәрінен де керамика ең күрделі, ең жауапты өнер екеніне көзім жетті. Сол үшін осы салаға қызығушылығым артып, үш жылдан бері қыш өнерін зерттеп, әрі бұрыннан осы өнермен айналысып жүрген шеберлерден үйреніп жүрмін, - дейді ол.

Қыш бұйымын жасау процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен саз балшық арнайы сүзгілерден өткізіліп, иленеді. Кейіннен «гад шарлы аспап» деп аталатын құрылғы арқылы айналдыра отырып, бұйымның пішіні шығарылады. Одан соң шебер оның сыртын безендіріп, өрнек түсіреді. Соңғы саты – бояу мен күйдіру.

Фото: Нұрдәулет Исатайұлы

Керамиканы күйдіру үшін арнайы пеш қажет. Сол пеште саз балшықты күйдіруде өзіне тән температурасы бар, сондықтан оны дәл сақтау– аса жауапты сәт. Шебердің басты мәселесі – қышты күйдіретін арнайы пеші жоқ. Сондықтан ол жасаған бұйымдарын Алматы қаласына апарып, күйдіруге мәжбүр. Әзірге Маңғыстау өңірінде қыш күйдіретін арнайы пеш жоқ. Болашақта өзі де сапалы пеш сатып алып, бұйымдарын толық циклмен дайындап, сатылымға шығаруды көздеп отыр.

Фото: Нұрдәулет Исатайұлы

Нұрдәулет Исатайұлы Қазақстанда қыш өндірісінің әлі толық дамымағанын айтады. Қазіргі таңда сапалы саз балшық негізінен Қонаев қаласындағы цехтар арқылы Өзбекстаннан жеткізіледі. Шебер сол өндіріс орындарына барып, қышты дайындау мен өңдеу процесін өз көзімен көріп қайтқан.

- Керамика өнері елімізде енді-енді дамып келеді. Қыштан жасалған бұйымдарға деген қызығушылық артып келе жатқанымен, кәсіби деңгейде өндіру әлі жолға қойыла қойған жоқ. Қыш ыдыстың басты ерекшелігі – оның табиғилығында. Мұндай ыдыс ыстық тағамды ұзақ уақыт ыссы күйінде, салқын сусынды салқын қалпында сақтай алады. Ертеде ата-бабаларымыздың қыштан жасалған торсықтарды жиі пайдалануы да – соның дәлелі. Қазір елімізде қыш ыдыстардың орнына Ресей мен Қытайдан әкелінген өнімдер көп қолданылады. Мұндай ыдыстар арзан бояумен жасалып, толық күйдіру процесінен өтпейтіндіктен тез сынғыш келеді. Ал сапалы керамика бұйымдарын жасау үшін әр ыдыс кем дегенде 8 сағат бойы жоғары температурада күйдірілуі тиіс, - дейді ол.

Фото: Нұрдәулет Исатайұлы

Жақында Ақтау қаласында өткен фестивальда Нұрдәулет өз қолымен жасаған ең әдемі тәрелкесін музей қорына тапсырған. Бұл оның ең сүйікті жұмысы әрі шығармашылық жолындағы маңызды жетістіктердің бірі екен. Нұрдәулет Исатайұлы – тек шебер ғана емес, ұстаз. Ол керамика өнерін жас ұрпаққа үйретіп жүр.

– Біз оқыған кезде еңбек сабағында мұндай бағыттар мүлде болған жоқ. Тек теориялық сабақтарды ғана оқыдық. Сол ұстанымды бұзып, мектеп қабырғасында оқушыларға еңбек сабағында көптеген шеберлік сабақтарын өткізіп, қолөнер бұйымдарын үйретуге болатынын дәлелдегім келеді. Оқушылар басқа сабақтардан шаршап келіп, еңбек сабағында шығармашылықпен айналысып, демалса деймін. Еңбек сабағы – баланың қиялын ұштайтын, қолын жаттықтыратын ерекше пән, - дейді шебер ұстаз.

Фото: Нұрдәулет Исатайұлы

Нұрдәулеттің алдағы мақсаты – Жаңаөзен қаласында үлкен шығармашылық шеберхана ашу. Онда арт-терапия элементтері бар сабақтар өткізіп, туристерге арналған көрме ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ол үшін қыш өнері – тек кәсіп емес, өмірдің мәні. Ол ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіре отырып, ерекше дүниелер жасауға тырысады. 

Фото: Нұрдәулет Исатайұлы

Маңғыстау жерінде қыш өнерін дамыту арқылы өз қолтаңбасын қалдырғысы келеді. Бүгінде ол №21 мектепте, өзге де білім ошақтарында және оқушыларға арналған шығармашылық орталықта үйірме ашып, балаларға қышпен жұмыс істеуді, мүсіндеуді, бояу мен өрнек салу тәсілдерін үйретіп жүр.

Фото: Нұрдәулет Исатайұлы

Бұған дейін, Қазақстанның туристік маусымы наурызда өтетін екі маңызды іс-шарамен ашылатыны туралы жазған едік.

Фото: Нұрдәулет Исатайұлының жеке мұрағатынан
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:269
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 15:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары