​Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған баланың денесі табылды: Полиция күдіктілерді анықтады

06.02.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Көрнекі сурет

Семей қаласының сол жағалауындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Абай облыстық Полиция департаменті аталған дерекке қатысты ресми ақпарат берді.

Қайғылы жағдай туралы хабарлама 3 ақпан күні Әуезов атындағы полиция бөлімінің кезекші бөліміне келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл түрде жеткен жедел-тергеу тобы тексеру жұмыстарын бастады.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы қала тұрғынын анықтады. Бойжеткеннің айтуынша, ол үйде босанған және нәресте өлі туылған. 

Сондай-ақ, тергеу барысында сәбидің денесін қоқысқа апарып тастаған қала тұрғыны да анықталды.

Қазіргі уақытта нәрестенің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Бүгін, 14:53

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью