Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды

29.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. ​ Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Гонконгта өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы семсерлесуден алтын алды.

"Ерлер құрамасы шпага бәсекесінде топ жарды. Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен кездесуде Украина құрамасымен жолықты", - дейді комитетте.

Шешуші кездесу 40:45 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.

Турнир барысында қазақстандықтар Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңді.

Осылайша, шпагашылар тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін бұл сайыстағы команданың ең жоғары жетістігі 2025 жылы жеңіп алған қола медаль болатын, дейді Ұлттық олимпиада комитеті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью