Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Гонконгта өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы семсерлесуден алтын алды.
"Ерлер құрамасы шпага бәсекесінде топ жарды. Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен кездесуде Украина құрамасымен жолықты", - дейді комитетте.
Шешуші кездесу 40:45 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.
Турнир барысында қазақстандықтар Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңді.
Осылайша, шпагашылар тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін бұл сайыстағы команданың ең жоғары жетістігі 2025 жылы жеңіп алған қола медаль болатын, дейді Ұлттық олимпиада комитеті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:25
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 19:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















