Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
- Қастерлі Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы ел дамуындағы тарихи кезеңде ұйымдастырылған және мемлекеттің алдағы қадамдарын айқындаған аса маңызды оқиға болды.
Бұл жолы да қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелерден бастап, мемлекеттілікті нығайтуды көздейтін ауқымды бастамалар кеңінен талқыланды.
Нақты айтқанда, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отырыста Қазақстанның саяси жүйесін, мемлекеттік басқару моделін, қоғамдық сананы және ұлттық дамудың стратегиялық бағдарын жаңа деңгейге көтеретін бастамаларды ортаға салды.
Мемлекет басшысының сөзі жекелеген реформалардың жиынтығы емес, біртұтас жаңа саяси парадигманың жарқын көрінісі екені анық.
Құрылтайда мән берілген ең басты мәселелердің бірі парламенттік реформа болғаны белгілі.
Мемлекет басшысы аталған реформа ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіндегі өзгерістердің өзегі екенін нақты айтты, - деді М. Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат төрағасы Президент жаңа бір палаталы Парламентті Құрылтай деп атауды ұсынғанын еске салды.