Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Сенат төрағасы бір палаталы Парламент жөнінде: Құрылтай ұлттық санаға жақын

Сенат төрағасы бір палаталы Парламент жөнінде: Құрылтай ұлттық санаға жақын

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

- Қастерлі Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы ел дамуындағы тарихи кезеңде ұйымдастырылған және мемлекеттің алдағы қадамдарын айқындаған аса маңызды оқиға болды. Бұл жолы да қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелерден бастап, мемлекеттілікті нығайтуды көздейтін ауқымды бастамалар кеңінен талқыланды. Нақты айтқанда, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отырыста Қазақстанның саяси жүйесін, мемлекеттік басқару моделін, қоғамдық сананы және ұлттық дамудың стратегиялық бағдарын жаңа деңгейге көтеретін бастамаларды ортаға салды. Мемлекет басшысының сөзі жекелеген реформалардың жиынтығы емес, біртұтас жаңа саяси парадигманың жарқын көрінісі екені анық. Құрылтайда мән берілген ең басты мәселелердің бірі парламенттік реформа болғаны белгілі. Мемлекет басшысы аталған реформа ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіндегі өзгерістердің өзегі екенін нақты айтты, - деді М. Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат төрағасы Президент жаңа бір палаталы Парламентті Құрылтай деп атауды ұсынғанын еске салды. Шын мәнінде, бұл – тарихи сабақтастыққа табан тіреген, ұлттық санаға жақын және символикалық мәні терең ұсыныс. Құрылтай – қазақ мемлекеттілігінің дәстүрлі институты және елдік мәселелер кеңінен талқыланатын ортақ алаң.

- Осы атаудың заманауи мазмұнда жаңғыруын тарихи әділеттіліктің белгісі деп қабылдаймыз. Ұсыныстарды мұқият зерделей келе, Жұмыс тобының жаңа Парламенттің мандат саны 145 болуы және комитеттер саны 8-ден аспауы керек деген байламға келгені айтылды. Бұл – орынды бастама. Президентіміз атап өткендей, мақсат – депутат санын көбейту емес, тиімді әрі кәсіби Парламент қалыптастыру. Әлемдік тәжірибе де сапалы заң шығару үшін саннан гөрі біліктілік, жауапкершілік пен отаншылдық маңызды екенін дәлелдеп отыр. Сондықтан «мәселе – санда емес, сапада» деген қағида жаңа Парламенттің басты ұстанымы болуға тиіс. Президентіміз жаңа Парламентке бірқатар маңызды мемлекеттік органдарды жасақтауға қатысу өкілеттігін беруді ұсынды. Атап айтқанда, Конституциялық сот, Жоғары аудиторлық палата, Орталық сайлау комиссиясы мүшелерін тағайындау Парламенттің келісімімен жүзеге асуы – ұлттық парламентаризмді түбегейлі күшейтетін қадам. Сондай-ақ Жоғарғы сот судьяларын Президенттің ұсынуымен Парламенттің сайлауы – билік тармақтары арасындағы теңгерімді нығайтып, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін арттыра түседі, - деді Мәулен Әшімбаев.

Мемлекет басшысы Парламентті жасақтау тәртібіне қатысты ұсыныстарға да назар аударды. Депутаттар енді пропорционалды жүйе арқылы сайланып, саяси партиялардың рөлі артады. Бұл – партиялардың институционалдық жауапкершілігін күшейтетін шешім. Ал, өңірлерде мажоритарлық жүйенің сақталуы – жергілікті халықтың үніне құлақ асып, олардың пікірлерін ескеруге жол ашады.

- Парламенттегі Президент квотасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы квотасын алып тастау да – жаңа жоғары өкілді органның дербес әрі тәуелсіз институт ретінде күшейе түсетінін көрсетеді. Отырыста бір палаталы Парламентте өңірлердің және еліміздегі түрлі этникалық топтардың мүдделері қалай ескеріледі деген сауалға да жауап берілді. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұсынған Қазақстанның Халық Кеңесін құру туралы бастама айрықша маңызға ие. Аталған жоғары консультативтік органға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функциялары жүктеледі. Сондай-ақ Халық Кеңесі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін, мемлекеттік маңызы бар басқа да гуманитарлық форумдарды өткізу міндетін атқаратын болады. Президентіміз атап өткендей, Кеңестің құрамында өңірлер, этникалық топтар, қоғамдық ұйымдар тең дәрежеде қамтылады. Бұл – елдегі қоғамдық келісімді сақтаудың және әртүрлі мүдделерді ескерудің тиімді тетігі болатыны анық. Қазақстанның Халық Кеңесіне заң шығаруға бастамашылық ету құқығының берілуі де оның мәртебесін айтарлықтай арттыратыны сөзсіз. Ішкі саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу де жаңа органның негізгі міндетінің бірі болады. Осылайша, Кеңес мемлекет пен қоғам арасындағы нағыз диалог алаңына айналмақ, - деді ол.

Сенат төрағасының пайымынша, осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай өздеріне жүктелген маңызды миссияны табысты атқарып шыққанын айрықша атап өткен жөн. Екі институт та елдегі тұрақтылық пен келісімді нығайтуға, қоғам пікірін ескеріп, дұрыс шешімдер қабылдауға үлкен үлес қосты.

Соңғы төрт жылда Ұлттық құрылтайда көтерілген ұсыныстар негізінде 26 заңның қабылдануы – оның формалды емес, нақты нәтижеге жұмыс істеген алаң болғанын дәлелдейді. Әйелдердің құқығын қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лудомания мен нашақорлыққа қарсы күрес сияқты бірқатар маңызды мәселелер заң арқылы шешімін тапты. Еліміздің ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарының бекітілуі де ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы маңызды белес болды. Алдағы уақытта бұл саладағы жұмыс Халық Кеңесі аясында белсенді жалғасады.

Вице-Президент институтын құру

Мемлекет басшысы тоқталған тағы бір маңызды ұсыныс Вице-Президент институты құру туралы бастама болды. Бұл – уақыт талабынан туындаған шешім және биліктің сабақтастығын, басқару жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды қадам.

- Ұлттық құрылтай отырысында қазіргідей цифрландыру дәуірінде еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге танытудың және бірегейлімізді сақтаудың маңызы, осы бағыттағы іргелі істер де назардан тыс қалған жоқ. Президентіміз Әл-Фараби, Ясауи және Абай ілімдерін жүйелі түрде дәріптейтін ғылыми жиындарды тұрақты өткізу қажеттігін айтып, бұл ұлттың рухани өзегін нығайтатын бастама екенін атап өтті. Шын мәнінде, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дамыған дәуірде ұлттық бірегейлікті сақтау – стратегиялық міндет. Осы тұрғыда «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру ерекше мәнге ие. Себебі, бұл – халықтың жады мен ғылым-білімін жинақтайтын, тарихи мұраны болашақ ұрпаққа аманаттайтын маңызды жоба, - дейді М. Әшімбаев.

Осы ретте сан ғасырлық мұрамызды, соның ішінде Алтын Орда шежіресі мен түркі өркениетін ғылыми тұрғыдан зерделеу, Қазақстанның академиялық тарихының көлемді жеті томдығын жарыққа шығару ұлттың тарихи санасын жаңғыртатын маңызды қадамдар екенін айта кеткен абзал. Президент атап өткендей, аталған ғылыми жинақ Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай шығарылмақ. Бұл отаншылдықтың және тарихи белесті нақты істермен атап өтудің жарқын көрінісі болары сөзсіз.

- Сонымен қатар Мемлекет басшысы патриотизм ұлт мүддесін желеу еткен бос айқаймен емес, өз қызметіне адалдық, азаматтық жауапкершілік, заң үстемдігіне мойынсұну сияқты қағидаттармен бағаланатынын айтты. Шын мәнінде, Қазақстан Әділеттің, Заң мен тәртіптің мекені болуға тиіс. Сондықтан заң мен тәртіпке мемлекеттің негізгі тіректерінің бірі ретінде басымдық беріліп отыр. Әрбір азамат заң талаптарын бұлжытпай орындауы керек. Бұл – әділетті қоғамның басты шарты. Құрылтайда қозғалған адам капиталының сапасын арттыру, білім, ғылым, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту тақырыптары да ел болашағына тікелей әсер ететін факторлар. Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллект қоғамның ойлау жүйесін, өмір салтын түбегейлі өзгертіп жатқаны жасырын емес. Бұл жағдайда халық саны емес, жаңа технологияларға бейімделіп, оларды тиімді қолдана алатын елдер ғана алға шығады. Сол себепті, Қазақстан осы бағыттағы міндеттерді айқындап, жаңа межелерді көздеп отыр, - деді палата спикері.

Энергетикалық қауіпсіздік

Мемлекет басшысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне де ерекше тоқталды. Энергетикалық дербестік мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев энергия өндіретін жаңа қуат көздерін жедел іске қосу, стратегиялық ресурстарды, ең алдымен, көмірді заманауи экологиялық технологияларды қолдана отырып тиімді пайдалану және басқарушылық қателіктерге жол бермеу аса маңызды екенін атап өтті.

- Құрылтай отырысында автожол, теміржол, әуе қатынасы, логистика мен инфрақұрылымды дамытуға қатысты жүктелген міндеттер Қазақстанның экономикалық өсуін арттыруды көздейтін басым бағыттар екені сөз болды. Президентіміздің білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы олқылықтарды жою, қаржыны тиімді пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою жөніндегі тапсырмалары да әлеуметтік әділеттілікке негізделген нақты қадамдар. Соған сәйкес Үкіметке білім беру саласындағы мемлекеттік қаржыландыру жүйесін шұғыл түрде реформалау жүктелді. Жалпы, Құрылтайда айтылған конституциялық бастамалар – мемлекеттің институционалдық құрылымын жаңғыртып, Қазақстанды Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза мемлекетке айналдыруға бағытталған тарихи бетбұрыс. Шын мәнінде, Мемлекет басшысы ұсынған реформалар – бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақтың болашағы үшін қабылданып жатқан шешімдер. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет – осы бастамаларды сапалы іске асыруға өз үлесімізді қосу. Сондықтан баршаңызды ел дамуының жаңа кезеңінде Президентіміздің жанына топтасуға және ұлт мұраты жолында жұдырықтай жұмылуға шақырамын. Маңызды кезеңде отаншылдық пен бекем бірліктің озық үлгісін көрсете білсек, дамыған елдердің қатарынан лайықты орын алып, көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз деп сенемін, - деді Мәулен Әшімбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент жаңа Парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 10:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары