Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі

Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Қызылордада өткен бесінші отырысында бір палаталы Парламент құруды айрықша атап өтті. Ашықтық, теңгерімді билік қағидаларына негізделген конституциялық реформа мемлекетіміздің саяси жаңғыру үдерісіндегі үлкен жетістіктерінің бірі ретінде бағаланып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің заң шығару жүйесін қайта реформалау туралы бастамасын былтырғы қыркүйектегі халыққа арнаған Жолдауында алғаш жария етті. Сол кезде-ақ парламенттік реформа тақырыбына кеңірек тоқталды.

Мемлекет басшысының Пар­ламентті қайта құрылым­дап, кейінгі ұрпақтың болашағы тұр­ғысынан тыңнан жасақтау ісі – бұрын­нан көкейде жүрген идея. Прези­дент өткен жылғы Жол­дауын­да елімізде парламенттік реформа мәселесі кемінде жиырма жылдан астам уақыт бойы айтылып келе жатқанын жеткізді.

«Осы мәселе ашық та, жабық та талқыланып жүр­гені ешкімге құпия емес. Бұл тақырып әлі күнге дейін өзекті. Сондық­тан мем­­ле­кет­тік жүйе дамып, аза­мат­тарымыздың сая­си мә­де­ниеті өсіп келе жатқанын ескере оты­рып, бұл мәселені халық­тың талқысына салу айрық­ша маңызды деп санаймын», деген Пре­зи­дент елімізде көп ұзамай бір палаталы Пар­ла­мент құру туралы бастама көтерді. Әрі мұ­ны асығыс жүзеге асыруға болмайтынын да ескертті.

Осылайша, Президент өзі айтқандай, ашық та, жабық та өткен талқылаулардан кейін, ара­ға алты ай салып бұл мәселе ақы­­­ры күн тәртібіне шығарылып, бүгінде реформаның нақты жос­пар-сызбасы жасалынып жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана іске кіріскен Конституциялық комиссия жұмысының да басты бағдары осы мәселе болып отыр.

Қызылорда құрылтайынан кейін-ақ күн құрғатпай алдағы саяси өзгерістердің өзегіне айналған парламенттік реформа қызу талқыланған тақырыпқа айналып шыға келді. Әсіресе сарапшылардың ойы негізінен ортақ арнаға қарай ойысып жатыр. Бұлай болуы заңдылық та. Себебі азаматтардың тең құқылығын қамтамасыз ететін демократиялық құндылықтарға негізделген бұл реформа көптің көкейінде жүрген күмәнді ойларды сейілтті. Өйткені ендігі өзгеріс бойынша бір палаталы Парламент депутаттарының бәрі теңдей сайлау тәсілі арқылы мандатқа ие болады. Бұрын­ғыдай ендігі жерде Прези­дент пен Қазақстан халқы Ассамб­леясына тиесілі квота деген бол­майды. Яғни алдағы уақыт­та Құрылтай деп аталатын заң шығарушы органдағы депутаттардың ешқайсысы бір-бірінен ерекшеленбейтін тең мәртебеге ие болады.

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерт­теу­лер институтының (ҚСЗИ) бас ғылыми қызметкері, әлеу­мет­тану ғылымдарының док­­торы, профессор Айгүл Забирова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Пар­ламентке көшу туралы бастамасы еліміз өзінің саяси архитектурасын шынымен қайта қарас­тырып жатқан кезеңі­нің бас­тауы екенін атап өтті.

– Аталған реформа – еліміз­дің соңғы бірнеше жылда жасап келе жатқан жұмысының заң­ды жал­ғасы іспетті. Парла­мент­ті бір па­латалы ету идеясы айтар­­лық­тай жаңалық емес. Бұл тақы­рып елімізде жиыр­ма жыл бойы талқы­ланып келеді. Ал осы мәселе­нің Ұлттық құрылтайдың күн тәр­тібінде көтерілуі көп нәр­сені көр­сетеді: жүйе де, қоғам да жетіл­ді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты дәл осылай жұмыс істейді. Яғни шешім шынымен де жағдай пісіп-жетілген кезде ғана қабылданады, дейді А.Забирова.

Сондай-ақ ол бір палаталы Парла­менттің не үшін керектігіне тоқталды. Егер заңнамалық мәсе­лелерге назар аудармасақ, бұл реформаның қисыны өте қара­пайым екенін жеткізді.

– Мемлекет шешімдерді асығыс­тық танытпай, бірақ айна­ла­мыздағы әлем тым тез өзгеріп жатқандықтан шұғыл қабылдауы керек. Мұндай жағдайларда екі палаталы жүйе икемді, бірақ ауыр тетік ретінде жұмыс істейді, бекіту екі деңгейден өтеді. Бұл әрбір заң жобасының үдерісі тым ұзаққа созылатынын білдіреді. Бір палаталы модель процедура­ларды қысқартады және қара­пайым етеді. Бұл цифрлық күн тәртібі, жасанды интел­лект мәселелері, басқару реформалары, аймақтық саясат үшін ма­­ңызды, – деген сая­саттанушы ре­­фор­­маның екінші себебіне де қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, алдағы өзгеріс басқаруды айқынырақ әрі тиімдірек етеді. Қажетсіз дең­гей­лерді алып тастауды, инсти­туционалдық өзара әрекеттесуді жеңілдетпек.

– Заң шығарушылық жауап­кер­шіліктің бірыңғай орталығы болған кезде ашықтық автомат­ты түрде артады. Парламент, Үкімет және Президент кеңсесі мұн­дай құрылымда өзара оңайырақ әрекет етеді, – дейді ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері.

Профессор Айгүл Забирова назардан жиі тыс қалатын тағы бір мәселені атады. Оның айтуынша, бір палаталы модель – әрқашан үнемдірек. Ол қайталанатын құрылымдарды жояды, үкі­мет шығындарын азайтуға мүмкіндік бере­ді. Бұл реформаның негізгі себебі болмаса да, атап өтерлік маңызды негіздеме.

Жалпы, халықаралық тәжіри­беге көз жүгіртсек, бір палаталы Парламенттің тиімділігін аңғаруға болады. Бұл ретте жартылай президенттік жүйесі, күшті институционалдық не­гізі қалыптасқан бір палаталы парламенті бар Португалияны мысалға алсақ болады. Сондай-ақ Дания, Швеция, Эстония сынды парламенттік модель­дері бір палаталы елдер жылдам ше­шім­дер мен тұрақты инсти­ту­цио­налдық үйлестіруді қажет ете­тін жағдайларда жақсы жұ­мыс істейтінін әлдеқашан дәлел­деген. Ал дәл іргеміздегі Қырғыз Республикасы да жалғыз палата­мен-ақ заң шығарушы билік тармағының жұмысын жандандырып отыр.

Қырғызстандық «Ой Ордо» сараптама­лық бастамалар орта­лығының директоры Игорь Шестаков біздің елде қолға алынып жатқан реформалар уақыт талабын дөп басып, Орталық Азия мен бұрынғы кеңестік елдерге маңызды болатын жаңа сая­си модельдерді қалыптастыруға жол ашатынын жеткізді.

– Қазақстанда билік өкілет­тік­терін қайта бөлу арқы­лы президенттік-пар­ла­­менттік мем­ле­кет­­тің негізі қаланып жатыр. Бұл үдеріс ең алды­мен қоғам­дық-саяси және әлеуметтік тұрақ­­тылыққа бағытталған, – деген саясат­тану­шының айтуынша, еліміздегі Парламент реформасы көптен күтілген оқиға.

– Қырғызстан жылдар бойы бір палаталы Парламент жүйесімен жүрді. Бұл жүйе депутаттарды сайлаушыларға жақындата түседі. Қазақстан жүзеге асырып жатқан реформалар болашақта Орталық Азияның басқа елдері үшін үлгі бола алады, – дейді ол.

Сарапшының пайымынша, Орталық Азия әлемде болып жатқан геосаяси тұрақсыздық жағдайында тұрақтылық көр­сетіп отыр.

– Әрине, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қа­дамдары Қазақ­стан­дағы қ­о­ғам­­дық-саяси тұрақты­лық­ты ны­ғай­­тады және жалпы өңірдегі үдеріс­терге оң әсер етеді, – дейді И.Шестаков.

Расында біздің ел қолға алған бұл саяси үдерістің үлкен тәуекел екені сөзсіз. Дегенмен уақыт талаптарына тез және кәсіби түрде жауап бере алатын парла­мент­тік жүйеге көшу керектігі­міз әлдеқашан белгілі болған. Сол себепті де он ойланып, тоқсан тол­ғанып шешім қабылдау үшін құрыл­ған Конституциялық комис­сия үлкен миссияны қолға алды. 

Соңғы жаңалықтар

«Australian Open» қызған шақ

Теннис • Бүгін, 08:15

Үш емдеу мекемесі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Жыр алыбымен жүздескен қыз

Тарих • Бүгін, 08:05

Мергенсайдағы білім ошағы

Келешек мектептері • Бүгін, 08:00

Мектебі көбейген мегаполис

Келешек мектептері • Бүгін, 07:55

Ғимарат су жаңа кейіпке енді

Білім • Бүгін, 07:45

Ғасыр жасаған соғыс ардагерін құттықтады

Өшпес даңқ • Кеше

Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс

Қоғам • Кеше

Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді

Қоғам • Кеше

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы

Қоғам • Кеше

Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы

Құрылтай • Кеше

Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау

Қоғам • Кеше

Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады

Ата заң • Кеше

С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі

Экология • Кеше

Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 08:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see154

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see151

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see149

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see149

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see148

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see148

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see147

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see147

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see146

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see144

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see141

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see136

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see132

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see130

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see129

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see127

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see120

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see119

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see116

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары