Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Сарапшы: Бір палаталы парламент жауапкершілікті күшейтеді

Сарапшы: Бір палаталы парламент жауапкершілікті күшейтеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: gov.kz

Сайлау науқаны алдында жаңа конституциялық институттардың рөлі қоғам назарындағы басты тақырыптардың біріне айналды. Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Нұрдәулет Затилланың айтуынша, Парламенттік реформаның негізгі мақсаты – билік институттарын халыққа барынша жақындатып, шешім қабылдау үдерісін ашық әрі инклюзив ету болып отыр.

«Осындай қадамдар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сай сайланбалы органдардың мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға пәрменді серпін береді деуге болады. Осы ретте Құрылтай сайлауы еліміздің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртып, мемлекеттік басқару үлгісін оңтайландырудың жаңа белесі болады деуге негіз бар. Алдағы сайлау арқылы қалыптасатын жаңа өкілді орган қоғамдағы әр әлеуметтік топтың үнін билік мінберіне жеткізіп, саяси бәсекелестікті жаңа деңгейге көтереді», дейді сарапшы.

Абзал Құспан: Сайлаудың сапасы партиялардың кадрлық әлеуетіне байланысты болады

Сарапшы жаңа Конституция аясында құрылған Қазақстан Халық Кеңесінің заң шығару процесіндегі рөлі қандай болатындығы жөнінде де пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл құрылым азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың және белсенділердің бастамаларын заңнамалық деңгейге жеткізетін маңызды тетікке айналмақ.

«Жаңа Конституция аясында құрылған Қазақстан Халық Кеңесі – халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультатив орган. Оның заң шығару процесіндегі рөліне келетін болсақ, ол азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы тікелей әрі пәрменді алтын көпір қызметін атқармақ. Осы арқылы азаматтар заң шығару саласындағы негізгі миссиясы ретінде қабылданып жатқан құжаттардың халықтың шынайы сұранысына қаншалықты сай келетінін бақылап, аса маңызды мемлекеттік мәселелерді жалпыхалықтық талқылау мен референдумға шығару ісіне ықпал ете алады», дейді Нұрдәулет Затилла.

Бірпалаталы парламентке көшу заңдардың жедел қабылдануына ықпал еткенімен, олардың сапасына кері етуі мүмкін деген пікір айтылып жатады. Нұрдәулет Затилланың сөзінше,  бұл керісінше, өкілетті органның жауапкершілігін арттыруы мүмкін.

«Бір палаталы парламент жүйесіне көшу заң шығару үдерісін едәуір жеделдетіп, артық бюрократиялық кедергілерді жоятыны анық, алайда бұл міндетті түрде заңдардың сапасына кері әсер етеді деген сөз емес. Керісінше, бұған дейін заң жобалары екі палата арасында біршама уақыт талқыланып, саяси жауапкершілік те қос палатаға бөлініп келсе, жаңа модель бойынша бүкіл құқықтық жауапкершілік бір органға жүктеледі. Бұл әр депутаттың әр құжатқа аса үлкен жауапкершілік таныта қарауына септігін тигізеді деуге болады. Оның үстіне заң жобаларын жан-жақты сараптаудан өткізетін Құрылтайдың ішкі сүзгілері де бар», дейді ол.

Сарапшы сондай-ақ Құрылтайда заң жобаларын үш оқылымда қарастыру тәртібі мен e-Parliament (Электрондық парламент) сияқты цифрлық құралдардың енгізілуі заңдардың жан-жақты сараптамадан өтуіне мүмкіндік беретінін айтты.

Үміткерлерді іріктеу және 30% шектеу: Сайлау жарнасы қалай есептеледі?

Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Құрылтай сайлауына саяси партиялар кандидаттар тізімін бекітіп үлгерді. Атап айтқанда, «Ауыл» партиясы – 69, «Ақ жол» партиясы – 63, Қазақстан Халық партиясы – 72, Respublica партиясы – 76, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – 33, ал «Байтақ» жасылдар партиясы 51 кандидат ұсынды. Сондай-ақ «Әділет» партиясы сайлауға 186 кандидатты бекітті. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Шілде 2026 13:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары