Сербия Трамптың Украина бойынша жоспарын қолдады

23.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Сербия АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі жоспарын және әскери іс-қимылдарды тоқтатуға әкелетін кез келген бастаманы батыл қолдайды, деп мәлімдеді елдің сыртқы істер министрі Марко Джурич.

"Украинадағы бейбітшілік – Еуропа үшін шұғыл мәселе. Еуропа қысым жағдайында тұр және өз күшіне сүйенуге тиіс. Біз АҚШ президенті Дональд Трамптың жоспарын және әскери іс-қимылдарды тоқтатуға әкелетін кез келген өзге бастамаларды толық қолдаймыз", – деді ол Spiegel басылымына берген сұхбатында.

Министр Белградтың Украинадағы қақтығыс бойынша келіссөз өткізуге алаң ұсынуға дайын екенін еске салды.

"Біз – АҚШ-қа, Еуропаға, Ресейге, Қытайға немесе Таяу Шығысқа тікелей ұшуға болатын санаулы астаналардың біріміз. Сонымен қатар, біз сенімді әрі құпиялылықты сақтайтын қабылдаушы тарап ретінде танымалмыз", – деп толықтырды ол.

Бұған дейін АҚШ әкімшілігі Украинадағы жағдайды реттеу жоспарын әзірлеп жатқанын хабарлаған болатын. Кремль Ресейдің келіссөзге ашық екенін және Анкоридж алаңындағы талқылау форматын ұстанып отырғанын мәлімдеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью