Шетелден есірткі тасымалдаған әйел бас бостандығынан айырылды

03.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Polisia.kz

Әйел жедел-тергеу іс-шаралары барысында ұсталған. Оның чемоданынан жалпы салмағы 8 кг 879 грамм гашиш майы табылып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.

Бір келі есірткі жұтқан: Қазақстанға апиын өткізбек болған шетелдік ұсталды

Тергеу барысында күдіктінің өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін және оның құқықтық салдарын толық түсіне отырып, алдын ала сөз байласу арқылы ақшалай сыйақы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға, сондай-ақ оларды аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында сақтауға және жөнелтуге келіскені анықталды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін Алматы облысында есірткі зертханаларының бірі жойылғаны айтылған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью