Шетелден есірткі тасымалдаған әйел бас бостандығынан айырылды
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Polisia.kz
Әйел жедел-тергеу іс-шаралары барысында ұсталған. Оның чемоданынан жалпы салмағы 8 кг 879 грамм гашиш майы табылып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.
Бір келі есірткі жұтқан: Қазақстанға апиын өткізбек болған шетелдік ұсталды
Тергеу барысында күдіктінің өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін және оның құқықтық салдарын толық түсіне отырып, алдын ала сөз байласу арқылы ақшалай сыйақы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға, сондай-ақ оларды аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында сақтауға және жөнелтуге келіскені анықталды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Алматы облысында есірткі зертханаларының бірі жойылғаны айтылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:80
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Маусым 2026 10:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















