Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Маңғыстау облысында Шетпе – Жетібай тасжолында қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Атап айтқанда, 2026 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" республикалық маңызы бар тасжолының 705-712 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектеледі.
Фото: "ҚазАвтоЖол"
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде автокөліктер Жетібай ауылының ішкі жолымен жүре алады.
Негізгі учаскедегі қозғалыс 2026 жылдың 14 қыркүйегінде қалпына келтіріледі деп жоспарланған.
Тасжолдардағы қазіргі шектеулерҚазіргі уақытта жолдың бірнеше учаскесінде қозғалыс шектелген:
24 шілде мен 30 қараша аралығында - Медеу - Тұйықсу автожолында; 24 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында - Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының 1194-1209 шақырымында; 3 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында - "Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченск – "Астана – Алматы" автожолының 20-шақырымынан (Көктерек ауылы маңы) 51-шақырымына дейін.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу