ШҚО да су қоймалары жөндеуден өтеді

28.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Шығыс Қазақстанда апатты жағдайда тұрған су қоймалары келер жылы жөндеуден өтеді. Солардың бірі - Зайсандағы Үйдене су қоймасы. Алпыс жыл бұрын салынған гидроқұрылғы бүгінде 10 мың гектардан астам алқапты суарады. «Сондай ақ Тарбағатайдағы Қандысу қоймасы да қалыпқа келтіріледі», - дейді сала мамандары. Ал әзірге қауіпті тоғандарға су жинау мөлшері азайтылып, үздіксіз бақылауға алынған.

 Дәулет Жанысов, "Қазсушар" РМК облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы. 

- Мөлшерінше су толтырып, халыққа қызмет жасап жатырмыз. Қазіргі уақытта барлық су қоймалары тәулік бойы бақылауда, күзгі, қысқы кезеңге жұмыстар жүргізілуде.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью