ШҚО дағы Алтай қаласының халқы жол жағдайына шағымданды

31.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жергілікті жұрттың айтуынша, жолдың осылай жөндеу көрмей тұрғанына талай жылдың жүзі болған.

— Малосемейка ауданындағы жол деген шұрық тесік. Бурнашов бульвары, 26-үй маңындағы аула аумағымен жүру мүмкін емес. Көліктен обал, — дейді тұрғындар.

Дәл осы жерде автобус аялдамасы мен қоқыс жәшіктеріне апаратын жол орналасқан. 

— Сондықтан бұл жол тезірек жөнделсе екен дейміз. Әкімдік өтінішімізді ескерусіз қалдырмас деген үміттеміз, — дейді алтайлықтар. 

Фото: Алтай тұрғындарынан

Алтай қаласының әкімдігі бұл мәселеден хабардар екендігін мәлім етті.

— Қала әкімі аппараты бұл жол жағдайы туралы хабардар. Осы учаске Алтай қаласы бойынша жөндеуден өтетін жолдардың тізіміне енгізілген. Сондықтан халықтың шағымы ескерусіз қалмайды, — деп жауап берді әкімдіктен. 

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда жүк көлігі тоқтаған жол опырылып кеткені хабарланған.  

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью