Штутгарт турнирі: Елена Рыбакина үш сағаттық кездесуді жеңіспен түйіндеді

18.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 25-орындағы канадалық Лейла Фернандеспен бетпе-бет келді.

Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездескен. Есеп тең — 2:2. 

Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық теннисшінің доп берудегі қателігін пайдаланған Фернандес 4:1 есебімен алға шықты. Рыбакина таразы басын теңестіргенімен, тай-брейкте канадалық спортшы сәтті ойнады — 7:6 (7:5). 

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Лейла брейк жасап, сосын өз геймін алды — 4:2. Бұдан кейін Елена қатарынан төрт геймге қол жеткізді — 6:4. 

Үшінші, шешуші сетте де Л.Фернандес брейкпен алға кетті — 4:2. Бірақ есеп 5:4 болып, доп бергенде, матчболын пайдалана алмады — 5:5. Тай-брейкте Еленаның асығы алшысынан түсті — 7:6 (8:6).

Үш сағат 1 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Фернандес 6 эйс, 3 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, ресейлік Мария Андреевамен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 4-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті ұтып кетті — 3:6, 6:4, 6:3. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Штутгарт турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ 16 жастағы қазақстандық теннисші Душанбедегі жарыста озық шықты. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью