Штутгарт турнирі: Елена Рыбакина үш сағаттық кездесуді жеңіспен түйіндеді
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 25-орындағы канадалық Лейла Фернандеспен бетпе-бет келді.
Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездескен. Есеп тең — 2:2.
Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық теннисшінің доп берудегі қателігін пайдаланған Фернандес 4:1 есебімен алға шықты. Рыбакина таразы басын теңестіргенімен, тай-брейкте канадалық спортшы сәтті ойнады — 7:6 (7:5).
Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Лейла брейк жасап, сосын өз геймін алды — 4:2. Бұдан кейін Елена қатарынан төрт геймге қол жеткізді — 6:4.
Үшінші, шешуші сетте де Л.Фернандес брейкпен алға кетті — 4:2. Бірақ есеп 5:4 болып, доп бергенде, матчболын пайдалана алмады — 5:5. Тай-брейкте Еленаның асығы алшысынан түсті — 7:6 (8:6).
Үш сағат 1 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Фернандес 6 эйс, 3 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, ресейлік Мария Андреевамен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 4-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті ұтып кетті — 3:6, 6:4, 6:3.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Штутгарт турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ 16 жастағы қазақстандық теннисші Душанбедегі жарыста озық шықты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Сәуір 2026 03:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















