Шу қаласында дәрігерді балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады

04.08.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Биыл мамыр айында Шу қаласының көпсалалы орталық ауруханасындағы пациенттің туысы бөлім меңгерушісімен жанжалдасып қалған. Ол өзін таныстырмастан, шешімі қызметкердің құзыретіне кірмейтін сұрақтар қойып, түсініктемелерден кейін аурухана қызметкерлерінің көзінше балағат сөздер айтқан. Осылайша науқасқа келуші дәрігерді қорлаған. Жасалынған ескертулерге қарамастан, ол өзін агрессивті түрде ұстаған. Мұнан кейін жәбірленуші полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болды.

Сталкинг: Астанада әйелді аңдыған ер адам сотталды

Кінә жәбірленушінің, куәлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді. 

Құқық бұзушы кінәсін мойындамады. Жәбірленуші аталған жағдайларды растады. Куәлер (жәбірленушінің әріптестері) ер адамның дөрекі сөйлескенін және әріптесін қорлағанын растады.

Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Сот қаулысымен ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 86 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.  

Ақтөбе мешітінде оқушыны соққыға жыққан ер адам 1,5 жылға сотталды

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью