Шу қаласында дәрігерді балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Биыл мамыр айында Шу қаласының көпсалалы орталық ауруханасындағы пациенттің туысы бөлім меңгерушісімен жанжалдасып қалған. Ол өзін таныстырмастан, шешімі қызметкердің құзыретіне кірмейтін сұрақтар қойып, түсініктемелерден кейін аурухана қызметкерлерінің көзінше балағат сөздер айтқан. Осылайша науқасқа келуші дәрігерді қорлаған. Жасалынған ескертулерге қарамастан, ол өзін агрессивті түрде ұстаған. Мұнан кейін жәбірленуші полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болды.
Кінә жәбірленушінің, куәлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Құқық бұзушы кінәсін мойындамады. Жәбірленуші аталған жағдайларды растады. Куәлер (жәбірленушінің әріптестері) ер адамның дөрекі сөйлескенін және әріптесін қорлағанын растады.
Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Сот қаулысымен ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 86 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.
Ақтөбе мешітінде оқушыны соққыға жыққан ер адам 1,5 жылға сотталды
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:30
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 10:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















