Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Шетелдік туристерге арналған ойын бизнесі аймақтары Марқакөл мен Зайсан аудандарында құрылуы мүмкін дегенді естіген елдің пікірі сан-саққа жүгірген. Десе де, қазір бұл жоба мемлекеттік деңгейде талқыланып, казино тұрғызатын орындар қарастырылып жатыр. Ендігі сұрақ: құмар ойын-сауық орталығы ашылған жағдайда өңір экономикасына, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына тигізер әсері қалай болар екен?
Суретті түсірген – автор
Қазір орталық мемлекеттік органдар деңгейінде ойын бизнесін дамыту үшін қосымша аумақтарды айқындау мәселесі пысықталып жатыр. Шығыс Қазақстан облысында лайықты локациялар ретінде Марқакөл мен Зайсан аудандарына назар аударылып отыр. Бұл аудандарды еліміздің заңнамасына сәйкес ойын қызметін жүзеге асыру аймақтары ретінде бекіту мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына берілген көрінеді.
Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов мәселені алдын ала пысықтау үшін екі ауданда қоғамдық пікір зерделенгенін атап өтті.
«Былтыр 21 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында шетел азаматтарына арналған ойын аймақтарын құруға тұрғындар көзқарасын анықтау мақсатында халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде, оған қатысқан респонденттердің басым бөлігі заңнама талаптары сақталған және халықтың әлеуметтік-экономикалық мүддесі ескерілген жағдайда шетелдіктерге арналған ойын аймақтарын ашуға қарсы емес екенін білдірді», деді басқарма басшысы Е. Сембинов.
Оның айтуынша, қарастырылып отырған жобалар ойын инфрақұрылымын ғана емес, сонымен қатар қонақүй секторы мен сервистік инфрақұрылымды қоса алғанда, ілеспе туристік нысандарды дамытуды да көздейді. Бастапқы кезеңде әлеуетті аймақтардың әрқайсына шамамен 25–30 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тарту жоспарланған. Жобаны іске асыру жеке инвестордың қаражаты есебінен жүргізіледі.
«Алдын ала есептеулерге сүйенсек, бір казино тұрақты жұмыс істейтін болса, бюджетке жылына шамамен 1,7 млрд теңге салық түсуі мүмкін. Бірақ оған қол жеткізу үшін шамамен 8–10 мың адам деңгейінде шетелдік турист ағыны болуы керек», деп түсіндірді Е.Сембинов.
Шекаралық аудандарда ойын бизнесін құру қосымша жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Туризм басқармасының мәліметінше, бастапқы кезеңде шамамен 140 тұрақты жұмыс орнын құру қарастырылып отыр. Одан кейін инфрақұрылымның дамуына қарай бұл көрсеткішті 500-ге дейін жеткізу көзделген.
Туристік ойын-сауық инфрақұрылымын дамыту шағын және орта бизнеске де пайдалы. Яғни туристер көбейгенде қоғамдық тамақтану, көлік қызметі және басқа да сервистерге сұраныс артып, кәсіпкерлік белсенділік күшейеді. Бәсекелестік болады, бұл сапаның артуына жұмыс істейді.
Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы Еркебұлан Зағыпаров қос ауданда қолға алынатын ойын бизнесі жобасы шекаралық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретінін айтады. Дегенмен депутат «таяқтың екі ұшы» болатын сияқты, бұл мәселенің де екінші жағы бар екенін естен шығармауды ескертті.
«Шекаралық аудандарда ойын бизнесі аймақтарын ашу шетелден туристер көбірек тартуға септігін тигізеді. Бұл әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да тиімді. Егер жоба іске асса, жаңа қонақүйлер, қызмет көрсету орындары ашылып, жергілікті халыққа жұмыс орындары пайда болады, мемлекетке қосымша салық түседі. Тағы бір маңызды мәселе – ойын орталықтарының шетелдіктерге ғана қызмет көрсетуі. Бұл ретте заң талаптарының сақталуын қатаң қадағалау қажет. Қазақстан азаматының, әсіресе жастардың құмар ойынға араласуына жол берілмеуге тиіс. Өйткені оның әлеуметтік, рухани әсері болуы мүмкін. Сондықтан осы жағын да қаперден шығармасақ», деді аудандық мәслихат төрағасы.
Туризм басқармасының хабарлауынша, бұл жоба шетелдік келушілерге арналған және туризмді дамыту құралының бірі ретінде ғана қарастырылған. Казино қызметін лицензиялау, олардың жұмысын бақылау мен заң талаптарының сақталуы, сондай-ақ қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарды кіргізбеу, қоғамдық тәртіпті қадағалау сияқты мәселелер уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретінде болады және еліміздің қолданыстағы заңнамалары шеңберінде жүзеге асырылады.
Шығыс Қазақстанның шекаралық аудандары – Марқакөл мен Зайсанда шетелдік туристерге арналған ойын бизнесі аймақтарын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Жоба экономикалық тұрғыдан тиімді болғанымен, оның әлеуметтік және рухани әсерін де ескеру қажет дейді мамандар. Сондықтан жобаны іске асыру кезінде заң талаптарының сақталуы мен қоғамдық тәртіпті қатаң қадағалау маңызды. Жалпы алғанда, бұл бастама шекаралық аудандардағы туризмді дамыту мен экономиканы жандандырудың тиімді құралы болары сөзсіз.
Шығыс Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар
Экономика • Бүгін, 08:53
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?
Сараптама • Бүгін, 08:48
Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады
Қоғам • Бүгін, 08:45
Технология мен ғылымды тоғыстырған
Ғылым • Бүгін, 08:43
Алматы Кремний алқабына айнала ма?
Ғылым • Бүгін, 08:40
Білім • Бүгін, 08:38
Жәдігер • Бүгін, 08:35
Көрме • Бүгін, 08:33
«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім
Әдебиет • Бүгін, 08:30
Өнер • Бүгін, 08:28
Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті
Әдебиет • Бүгін, 08:25
Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген
Тұлға • Бүгін, 08:23
Су тасқыны • Бүгін, 08:20
Әдебиет • Бүгін, 08:18