Шымкентте оқушыға сексуалдық әрекет жасады деп күдікке ілінген мұғалім ұсталды

26.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Шымкентте оқушыға сексуалдық әрекет жасады деп күдікке ілінген мұғалім полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Шымкент тұрғынының жас қызын қорлау туралы өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - дейді полицияда.

Бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, ықтимал куәгерлерден және өзге де адамдардан жауап алынып басталған.

"Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Барлық тергеу әрекеті заң талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылады", - дейді Шымкент полициясында.

Еске сала кетейік, Шымкентте мұғалім 7 жастағы оқушыға сексуалды әрекет жасады деген күдікке ілінді. Оқиға мектепте болған. Мұғалім ағайының бейәдеп әрекеті туралы оқушы мамасына айтып келген.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью