Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда елдің оңтүстігінде орын алған шулы қылмыстарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«21 жастағы студент Нұрайдың қазасы бүкіл елді дүр сілкіндірді. Бұл іс бойынша Ұлттық құрылтайға 130-дан астам өтініш түсті.
Мен Ішкі істер министрлігіне Шымкент полициясының іс-әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым.
Бас прокурор да бұл жағдайды мұқият тексереді», — деді Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жасөспірімнің ұрлануына қатысты да пікір білдірді.
Президент «алып қашу» мен зорлық-зомбылықты қатыгез қылмыс деп атады.
Ол неке институтын еркек пен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет деп есептейді.