Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу ережесін өзгерту жоспарланып отыр. Жаңа талаптар пайдаланушыларды биометриялық сәйкестендіруді көздейді. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жобаны Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі дайындады. Ведомство 2018 жылдан бері қолданылып келе жатқан ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр.
Ереже "Байланыс туралы" заңнамаға маусымда енгізілген түзетулерден кейін өзгертілмек. Атап айтқанда, бұл түзетулер IMEI бойынша мобильді құрылғыларды верификациялаудың жаңа тәртібін енгізді.
Тіркеу кезінде биометрия қажет боладыӨзгерістердің бірі – биометриялық аутентификация. Оны өтініш берушілер мен байланыс қызметтерін алғаш рет пайдаланатындарға енгізу көзделіп отыр.
"Мәліметтердің шынайылығына қосымша кепілдік өтініш берушілер мен байланыс қызметтерінің алғашқы пайдаланушыларын биометриялық аутентификациялау, сондай-ақ мемлекеттік дерекқорлармен автоматтандырылған ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы қамтамасыз етіледі", – делінген бұйрық мәтінінде.
Бұл ретте өтініш берушілердің биометриядан қалай және қандай жағдайда өтуі керек екені құжатта нақтыланбаған.
Телефондар ақ, сұр және қара тізімге бөлінедіТағы бір өзгеріс мобильді құрылғылардың мәртебесіне қатысты. Оларды үш тізімге – ақ, сұр және қара тізімге бөлу жоспарланған.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
2026 жылғы Алматының ең үздік аудандары: баға рейтингі емес, өмір сүру сапасы бойынша топ-5 локация
Бүгін 09:50 1
"Жобада ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары деректер қорында ақ, сұр және қара тізімді қалыптастыру, сондай-ақ құрылғының осы тізімдердің әрқайсысында болуының құқықтық салдарын белгілеу қарастырылған", – делінген құжатта.
Телефондар туралы ақпарат GSMA базасымен және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен салыстырылады.
Жобада жүйе құрылғының өндірілген немесе Қазақстанға әкелінген кезінен бастап, иесінің ауысуына, жөнделуіне немесе бұғатталуына дейінгі бүкіл "өмірлік циклін" бақылауы тиіс екені айтылған.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу бойынша ақ, сұр және қара тізім енгізілді.
Анықтама. 2025 жылғы 25 наурыздан бастап Қазақстанда мобильді құрылғылардың IMEI кодтарын тексеру жүзеге асырылады.
Ақ тізім - телефон тексеруден өтті және шектеусіз жұмыс істейді.
Сұр тізім - телефон уақытша жұмыс істейді, бірақ иесіне оның заңдылығын растау үшін 30 күн уақыт беріледі. Қара тізім - құрылғы тексеруден өтпеген немесе оның IMEI кодында ақау бар. Мұндай телефон Қазақстанның мобильді желілерінде бұғатталады. Жүйе енгізілгенге дейін қазақстандық желілерде жұмыс істеп тұрған телефондар автоматты түрде ақ тізімге енгізілді.
Осы күннен кейін әкелінген құрылғылар IMEI коды бойынша верификациядан өтуі тиіс, ал 2025 жылғы 25 мамырдан бастап бизнеске бұл процедура ақылы болды – бір телефонға 1 АЕК.
Қазақстанда ресми верификациядан өтпеген "қара" тізімдегі құрылғыларды бұғаттау 2025 жылдың тамызында басталды. Жасанды интеллект министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қазанына қарай бұл тізімде 127 682 IMEI код болған – осы кодтары бар құрылғылар бұғатталды. Тағы 886 мың бірегей IMEI код "сұр" тізімде болып, растауды күткен.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Tengrinews.kz-ке верификация ережесі 2025 жылдан бастап қолданыста енгенін, ал қазір оларға тәжірибені ескере отырып өзгерістер енгізілетінін нақтылады.
Өзгерістердің бірі жеке тұлғалардың шетелден әкелетін телефондарына қатысты. Мұндай құрылғылардың көп дегенде екеуін жылына бір рет өз атына тегін верификациялауға рұқсат беру ұсынылады.
Түрме мен тергеу изоляторындағы телефондар байланыстан ажыратылады"Бұл ретте құрылғыны кімнің атына верификацияланса, сол адам пайдалануы тиіс. Бұл шара телефондарды тіркеу үшін бұрын шетелде болған басқа азаматтардың интернеттен сатып алынған ЭЦҚ-ларын пайдалану жағдайларының алдын алуға бағытталған", – деп хабарлады министрлік.
Тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қолданылатын құрылғылар үшін бөлек тәртіп қарастырылған. Егер жоба қабылданса, оларға байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата алады.
"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен тергеу изоляторларында қолданылатын құрылғылар бойынша байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтатудың жеке тәртібі қарастырылып жатыр", – делінген құжат мәтінінде.
Мұндай құрылғылар қалай анықталатыны және байланыстың қандай процедура бойынша ажыратылатыны құжатта көрсетілмеген.
Ереже не үшін өзгертілмек?Жоба авторлары өзгерістерді телефондардың заңсыз айналымымен, алаяқтықпен және дербес деректерді заңсыз пайдаланумен күрес деп түсіндіреді.
Министрлік жаңа ереже кодтары өзгертілген және қайталанған телефондарды, сондай-ақ ұрланған және заңсыз пайдаланылатын құрылғыларды анықтауға көмектеседі деп үміттеніп отыр.
Әзірге құжат қабылданған жоқ. Ол "Ашық НҚА" порталында 27 тамызда жарияланып, 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін ашық талқылауда болады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда қандай смартфондарды сатуға тыйым салынады: 20 тамыздан бастап өзгеріс енгізіледі
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу