Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Құрылтай төрағасы сайланды

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу ережесін өзгерту жоспарланып отыр. Жаңа талаптар пайдаланушыларды биометриялық сәйкестендіруді көздейді. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жобаны Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі дайындады. Ведомство 2018 жылдан бері қолданылып келе жатқан ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр.

Ереже "Байланыс туралы" заңнамаға маусымда енгізілген түзетулерден кейін өзгертілмек. Атап айтқанда, бұл түзетулер IMEI бойынша мобильді құрылғыларды верификациялаудың жаңа тәртібін енгізді.

Тіркеу кезінде биометрия қажет болады

Өзгерістердің бірі – биометриялық аутентификация. Оны өтініш берушілер мен байланыс қызметтерін алғаш рет пайдаланатындарға енгізу көзделіп отыр.

"Мәліметтердің шынайылығына қосымша кепілдік өтініш берушілер мен байланыс қызметтерінің алғашқы пайдаланушыларын биометриялық аутентификациялау, сондай-ақ мемлекеттік дерекқорлармен автоматтандырылған ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы қамтамасыз етіледі", – делінген бұйрық мәтінінде.

Бұл ретте өтініш берушілердің биометриядан қалай және қандай жағдайда өтуі керек екені құжатта нақтыланбаған.

Телефондар ақ, сұр және қара тізімге бөлінеді

Тағы бір өзгеріс мобильді құрылғылардың мәртебесіне қатысты. Оларды үш тізімге – ақ, сұр және қара тізімге бөлу жоспарланған.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

2026 жылғы Алматының ең үздік аудандары: баға рейтингі емес, өмір сүру сапасы бойынша топ-5 локация

Бүгін 09:50 1

"Жобада ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары деректер қорында ақ, сұр және қара тізімді қалыптастыру, сондай-ақ құрылғының осы тізімдердің әрқайсысында болуының құқықтық салдарын белгілеу қарастырылған", – делінген құжатта.

Телефондар туралы ақпарат GSMA базасымен және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен салыстырылады.

Жобада жүйе құрылғының өндірілген немесе Қазақстанға әкелінген кезінен бастап, иесінің ауысуына, жөнделуіне немесе бұғатталуына дейінгі бүкіл "өмірлік циклін" бақылауы тиіс екені айтылған.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу бойынша ақ, сұр және қара тізім енгізілді.

Анықтама. 2025 жылғы 25 наурыздан бастап Қазақстанда мобильді құрылғылардың IMEI кодтарын тексеру жүзеге асырылады.
Ақ тізім - телефон тексеруден өтті және шектеусіз жұмыс істейді.
Сұр тізім - телефон уақытша жұмыс істейді, бірақ иесіне оның заңдылығын растау үшін 30 күн уақыт беріледі. Қара тізім - құрылғы тексеруден өтпеген немесе оның IMEI кодында ақау бар. Мұндай телефон Қазақстанның мобильді желілерінде бұғатталады. Жүйе енгізілгенге дейін қазақстандық желілерде жұмыс істеп тұрған телефондар автоматты түрде ақ тізімге енгізілді.

Осы күннен кейін әкелінген құрылғылар IMEI коды бойынша верификациядан өтуі тиіс, ал 2025 жылғы 25 мамырдан бастап бизнеске бұл процедура ақылы болды – бір телефонға 1 АЕК.

Қазақстанда ресми верификациядан өтпеген "қара" тізімдегі құрылғыларды бұғаттау 2025 жылдың тамызында басталды. Жасанды интеллект министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қазанына қарай бұл тізімде 127 682 IMEI код болған – осы кодтары бар құрылғылар бұғатталды. Тағы 886 мың бірегей IMEI код "сұр" тізімде болып, растауды күткен.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Tengrinews.kz-ке верификация ережесі 2025 жылдан бастап қолданыста енгенін, ал қазір оларға тәжірибені ескере отырып өзгерістер енгізілетінін нақтылады.

Өзгерістердің бірі жеке тұлғалардың шетелден әкелетін телефондарына қатысты. Мұндай құрылғылардың көп дегенде екеуін жылына бір рет өз атына тегін верификациялауға рұқсат беру ұсынылады.

"Бұл ретте құрылғыны кімнің атына верификацияланса, сол адам пайдалануы тиіс. Бұл шара телефондарды тіркеу үшін бұрын шетелде болған басқа азаматтардың интернеттен сатып алынған ЭЦҚ-ларын пайдалану жағдайларының алдын алуға бағытталған", – деп хабарлады министрлік.

Түрме мен тергеу изоляторындағы телефондар байланыстан ажыратылады

Тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қолданылатын құрылғылар үшін бөлек тәртіп қарастырылған. Егер жоба қабылданса, оларға байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата алады.

"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен тергеу изоляторларында қолданылатын құрылғылар бойынша байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтатудың жеке тәртібі қарастырылып жатыр", – делінген құжат мәтінінде.

Мұндай құрылғылар қалай анықталатыны және байланыстың қандай процедура бойынша ажыратылатыны құжатта көрсетілмеген.

Ереже не үшін өзгертілмек?

Жоба авторлары өзгерістерді телефондардың заңсыз айналымымен, алаяқтықпен және дербес деректерді заңсыз пайдаланумен күрес деп түсіндіреді.

Министрлік жаңа ереже кодтары өзгертілген және қайталанған телефондарды, сондай-ақ ұрланған және заңсыз пайдаланылатын құрылғыларды анықтауға көмектеседі деп үміттеніп отыр.

Әзірге құжат қабылданған жоқ. Ол "Ашық НҚА" порталында 27 тамызда жарияланып, 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін ашық талқылауда болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қандай смартфондарды сатуға тыйым салынады: 20 тамыздан бастап өзгеріс енгізіледі

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Тамыз 2026 19:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

26 Тамыз 2026 22:37see150

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

26 Тамыз 2026 21:39see145

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see143

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see142

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see141

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see139

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see137

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see136

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see129

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see123

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see121

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see120

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see120

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see117

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see114

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see113

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see111

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see111

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see111

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары