Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. ТЖМ қызметкерлері Ресей Федерациясының төрт азаматын құтқарды.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау көлінде Ресей Федерациясының төрт азаматы құтқарылды.
Демалушылар резеңке қайықпен көлде болған. Қатты жел мен биік толқын салдарынан қайық аралға қарай ығысып, нәтижесінде олар өздігінен жағалауға қайта алмаған.
"Ер адамдар құтқару кеудешелерін киіп, жағалауға өз беттерінше жүзіп жетуге шешім қабылдаған. Алайда олар өз күштері мен ауа райы жағдайын дұрыс бағаламаған. Қатты жел мен толқын суда қозғалысты едәуір қиындатқан", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға туралы хабарлама алған құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына барып, төрт адамның барлығын жағалауға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.