Солтүстік Қазақстан облысында резеңке қайықпен көлге шыққан ресейліктер құтқарылды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. ТЖМ қызметкерлері Ресей Федерациясының төрт азаматын құтқарды.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау көлінде Ресей Федерациясының төрт азаматы құтқарылды.
Демалушылар резеңке қайықпен көлде болған. Қатты жел мен биік толқын салдарынан қайық аралға қарай ығысып, нәтижесінде олар өздігінен жағалауға қайта алмаған.
"Ер адамдар құтқару кеудешелерін киіп, жағалауға өз беттерінше жүзіп жетуге шешім қабылдаған. Алайда олар өз күштері мен ауа райы жағдайын дұрыс бағаламаған. Қатты жел мен толқын суда қозғалысты едәуір қиындатқан", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға туралы хабарлама алған құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына барып, төрт адамның барлығын жағалауға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:14
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Тамыз 2026 22:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















