Үрмелі қайықпен Каспий теңізіне шыққан үш ер адам жоғалып кеткен
Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ мен ҰҚК Шекара қызметінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Іздеу жұмыстары барысында құтқарушылар ер адамдардың бірін өздігінен жағалауға қарай жүзіп келе жатқан жерінен анықтады.
"Құтқарушылар оны бортқа көтеріп, жағаға жеткізді. Қалған екі ер адамды іздестіру жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты. Жұмыстар тәуліктің қараңғы уақыты мен су айдыны аумағының кең болуына байланысты қиындады. Іздеу жұмыстары әртүрлі бағыттар бойынша төрт секторда ұйымдастырылды. Құтқарушылар су айдынының 20 шақырымнан астам аумағын, ал әуеден 70 шақырымнан астам аумақты тексерді. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде қалған екі ер адам жағалаудан 10 шақырым қашықтықтан іздеу тобының күшімен табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы ТЖМ күштері мен құралдары, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері және еріктілер тартылды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Сонымен қатар іздеу жұмыстарына ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Бұған дейін Қостанай облысында әкесі мен қызы өзенге батып кеткенін жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Каспий теңізіне батып кеткен ер адамның денесі бес күннен кейін табылды
27 Маусым 2026 10:17
Құтқарушылар Каспий теңізіне құлап кеткен әйелді аман алып қалды
29 Маусым 2026 10:14
Сүңгуірлер, дрондар, авиация: Каспий теңізінде жоғалып кеткен ер адам төртінші тәулік бойы іздестіріліп жатыр
26 Маусым 2026 07:08
Каспий теңізіне мұнай төгілді
24 Маусым 2026 09:36
Ұлытау облысында жылқы іздеуге шыққан үш адам жоғалып кетті
04 Қаңтар 2026 17:16
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Тамыз 2026 16:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















