Құтқарушылар Каспий теңізіне құлап кеткен әйелді аман алып қалды
Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Фото: istockphoto.com
Оқиға Каспий теңізі жағалауындағы «Соқпақ жол» аумағында болған. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық рейд кезінде суға құлаған әйелді байқап, дереу көмекке келген.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел катерге міну кезінде абайсызда суға құлап кеткен.
«ТЖМ шағын көлемді су көліктеріне міну және түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды, сондай-ақ су айдындары маңында ерекше сақ болуды ескертеді», делінген ведомство хабарламасында.
Өкінішке қарай, жаз келісімен шомылу аймақтарында оқыс оқиға жиілеген. Бір ай ішінде Түркістан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай мен Қызылорда облыстарында бүлдіршіндер суға кеткен оқиғалар болды. Осыған сәйкес, ТЖМ қызметкерлері шомылу аумақтарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 10:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















