Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Отандасымыз бұл Олимпиадада фристайл-могулдан жекелей сында 14-орын, ал параллель могулда 1/8 финалда өнер көрсетті.
Юлия Галышева жарыстан кейін Kazinform тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, алдағы спорттық мансабы туралы айтты.
Фото: Тұрар Қазанғапов– Шынымды айтсам, енді менің жоспарымда Олимпиада ойындары жоқ. Алайда әлі болашағым туралы нақты шешім қабылдамадым. Спорт саласында қаламын деп ойлаймын, - деді спортшы.
Ол сонымен қатар болашақта жаттықтырушы болу мүмкіндігі туралы айтты.
– Жаттықтырушы болу туралы ешқашан ойлаған емеспін, - деп қысқа қайырды Галышева.
Айта кетейік, бүгін 16 қазақстандық спортшы 7 спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, фристайл-могулдан Қазақстан қыздар құрамасы Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының финалдық кезеңінде өнер көрсетті.