СҚО да жол апатына түскен жолаушы медбикені соққыға жыққан

03.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатына түскендерге алғашқы медициналық қызмет көрсетпек болған медбикені жолаушының бірі соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz cайты "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Оқиға Шал ақын ауданында орналасқан "Чудесай" өзені маңында тіркелді. Жол жиегіне аударылып қалған Lada  көлігінің ішінде бірнеше адам болған. Олардың барлығы ішімдік ішкені анықталды.

Көмекке жедел жәрдем бригадасы жеткен. Дәрігер тез арада көмек көрсетіп жатқан кезде 62 жастағы ер азамат оны жағадан алып, қол-аяғы мен ішінің тұсына бірнеше рет ұрып салған.  

"Медицина қызметкеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша сезікті аса ірі көлемде айыппұл арқалуы немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзір сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім шығарды", –  дейді ПД басқармасының бастысы Сергей Табарин.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью