СҚО да жол апатына түскен жолаушы медбикені соққыға жыққан
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Солтүстік Қазақстан облысында жол апатына түскендерге алғашқы медициналық қызмет көрсетпек болған медбикені жолаушының бірі соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz cайты "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Оқиға Шал ақын ауданында орналасқан "Чудесай" өзені маңында тіркелді. Жол жиегіне аударылып қалған Lada көлігінің ішінде бірнеше адам болған. Олардың барлығы ішімдік ішкені анықталды.
Көмекке жедел жәрдем бригадасы жеткен. Дәрігер тез арада көмек көрсетіп жатқан кезде 62 жастағы ер азамат оны жағадан алып, қол-аяғы мен ішінің тұсына бірнеше рет ұрып салған.
"Медицина қызметкеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша сезікті аса ірі көлемде айыппұл арқалуы немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзір сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім шығарды", – дейді ПД басқармасының бастысы Сергей Табарин.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 22:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















