Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ішкі істер министрлігі сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлап, ол үшін қандай жауапкершілік көзделгенін еске салды.
Сурет: nippon.com/
Министрлік азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігі заңмен қорғалатынын, ал аңду, қайта-қайта мазалау қылмыс екенін ескертеді. Қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау, адамның еркінен тыс ізіне түсу – сталкинг.
«Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиялық жай-күйіне тікелей қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг фактісіне заңмен қатаң жауапкершілік көзделген.
Аталған бапқа сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген. Сондай-ақ 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған», делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Министрлік хабарламасында Конституция әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын және қауіпсіздік құқығын қорғауға кепілдік беретіні айтылған. Яғни заң бұзушылық – міндетті түрде жауапкершілікке әкеліп соғады. Сондықтан өзге адамның «Жоқ» деген жауабына міндетті түрде құрметпен қарау заңмен міндеттелген.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қалыптастыру мақсатында интернет алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады. Сөйтіп, Тelegram-нан кітаптардың үлкен жиынтығы қолжетімді екені жайлы шектеусіз хабарлама жібереді.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнатқан кезде алаяқтар құпиясөздер мен қаражат ұрлап, хат алмасуға және фотосуреттерге қол жеткізеді. Сондай-ақ бұл «тегін кітапхананың» салдары смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалтуға әкеп соғады. Сол себепті полиция бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату қауіпті екенін еске салады.
Министрлік кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары екенін қаперіңізге салады.
Соңғы жаңалықтар
Білім • Бүгін, 08:15
Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым
Университет • Бүгін, 08:12
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10
Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы
Digital • Бүгін, 08:08
Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?
Бизнес • Бүгін, 08:05
Аймақтар • Бүгін, 08:03
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00
Жедел жәрдем автопаркі жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 07:55
Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50
Алматы • Бүгін, 07:45
Театр • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:35
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30
Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды
Оқиға • Кеше
Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады
Ауа райы • Кеше