Су тасқыны қарсаңында көлік инфрақұрылымына ерекше бақылау енгізілді

16.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Министрлік басшысы республикалық маңызы бар теміржол және автомобиль жолдарының дайындығын, сондай-ақ әуежайларда су тасқынына қарсы іс-шаралардың жүргізілуін ерекше бақылауға алудың маңыздылығын атап өтті. 

Фото: Көлік министрлігі

Сонымен қатар өңірлерде атқарылып жатқан су тасқынына қарсы жұмыстар бойынша күн сайынғы есеп беруді және қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ету тапсырылды. Жолдарды қорғау үшін қажетті материалдарды дайындауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, инертті материалдар, құм, бут тасы, құм-қиыршық тас қоспасы, қаптар және басқа да ресурстарды әзірлеу мәселелері қаралды. 

Фото: Көлік министрлігі

Сондай-ақ министр су өткізгіш құбырлар, көпірлер және басқа да жасанды құрылыстарды қар мен қоқыстан тазартуды қамтамасыз етуді, жоғары қауіпті аймақтарда алдын ала айналма жолдарды пысықтауды тапсырды. Қабылданған шаралар көлік инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындауға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған.

Фото: Көлік министрлігі

Бұған дейін жолдардағы су шаю қаупі бар 229 учаске Көлік министрлігінің бақылауына алынғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью