Су тасқыны қарсаңында көлік инфрақұрылымына ерекше бақылау енгізілді
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Министрлік басшысы республикалық маңызы бар теміржол және автомобиль жолдарының дайындығын, сондай-ақ әуежайларда су тасқынына қарсы іс-шаралардың жүргізілуін ерекше бақылауға алудың маңыздылығын атап өтті.
Фото: Көлік министрлігі
Сонымен қатар өңірлерде атқарылып жатқан су тасқынына қарсы жұмыстар бойынша күн сайынғы есеп беруді және қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ету тапсырылды. Жолдарды қорғау үшін қажетті материалдарды дайындауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, инертті материалдар, құм, бут тасы, құм-қиыршық тас қоспасы, қаптар және басқа да ресурстарды әзірлеу мәселелері қаралды.
Фото: Көлік министрлігі
Сондай-ақ министр су өткізгіш құбырлар, көпірлер және басқа да жасанды құрылыстарды қар мен қоқыстан тазартуды қамтамасыз етуді, жоғары қауіпті аймақтарда алдын ала айналма жолдарды пысықтауды тапсырды. Қабылданған шаралар көлік инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындауға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған.
Фото: Көлік министрлігі
Бұған дейін жолдардағы су шаю қаупі бар 229 учаске Көлік министрлігінің бақылауына алынғанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:38
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 12:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















