Суды үнемдеу өңір дамуының өзегі

30.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Жетісу облысына барып, вегетация кезеңіне дайын­дық, су ресурстарын тиімді пайда­лану мен «Ауыл аманаты» бағ­дар­ламасы аясында ауылдағы кәсіп­­керлікті дамыту мәселесіне ар­­нал­ған кеңес өткізді. Сон­­дай-ақ вице-премьер өңірдегі бір­­қатар гидротехникалық нысан­дар­­­дың жай-күйімен танысты.

Кеңеске Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысты. Жиында су тапшылығы қаупін азайтуға су үнемдеу технологияларын жедел енгізу мен ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемін кезең-кезеңімен қысқарту қажет екені айтылды.

Жетісу облысының ауыл шаруашы­лығы қажеттілігіне биылға белгіленген су пайдалану лимиті 1,877 млрд текше метрді құрайды. Оның 1,837 млрд текше метрі егістікті суаруға бағытталған. Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде жоспарланған егіс алқабы 147 мың гектар, ал қазіргі уақытта барлық су қоймасы су жинау режімінде жұмыс істеп тұр.

Заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру мақсатында ұңғыма бұр­ғы­­лау, инфрақұрылым тарту мен су үнем­­дейтін жабдықтарды сатып алу шы­ғын­­дарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін артты. Бұған қоса егінге қажетті суға сараланған тариф енгізіліп, су үнем­деу технологияларын пайдаланатын ша­руаларға су құнын субсидиялау 60%-дан 85%-ға дейін ұлғайтылды. Ал мұндай тех­нологияларды қолданбайтын шаруа­шылықтарға субсидия мөлшері жыл сайын 10%-ға қысқартылып отырады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде су үнемдеу технологиялары енгізілетін алқаптардың көлемі жыл сайын 150 мың гектарға ұлғайды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына толық сәйкес келеді. Жалпы, ел бойынша мұндай технологиялар 543,5 мың гектар суармалы жерде қолданылып, 874 млн текше метр су үнемделген. Жетісу облысында су үнемдеу жүйелері 33,7 мың гектар алқапта енгізілген.

Қанат Бозымбаев облыс әкімдігіне 2030 жылға дейін суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын кезең-кезеңімен 100 пайыз енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Оның айтуынша, кеңес дәуірінде пайдалануға берілген суармалы жерлерді қалпына келтіруге әрі мелиоративтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұрын тозған алқаптарды айналымға енгізу арқылы суармалы жерлердің аумағын кеңейту маңызды. Бұған қоса су саласындағы «қара нарықты» толық жойып, барлық заңбұзушылықты құқық қорғау органдарының қатысуымен қатаң түрде тоқтату қажет екені айтылды.

Егінге қажетті суды ашық әрі әділ бөлу мақсатында пилоттық режімде жаңа биллинг жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл жүйе арқылы су пайдалану­шылар мен «Қазсушар» РМК арасындағы өтінім беру, келісімшарт жасау мен төлем жүргізу үдерістері толық цифрлан­ды­рыл­ған. Фермерлерге түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізуге арнайы жұмыс тобы құрылып, облыстың алты ауданында шамамен 450 шаруамен кездесу өтті.

2028 жылға дейінгі Су шаруашылығын кешенді дамыту жоспары аясында үш су қоймасын, екі гидроторапты, бір магис­тралды каналды реконструкциялауға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Сондай-ақ жеке инвес­тициялар есебінен сыйымдылығы 80 млн текше метр болатын бір су қоймасын салу мен тағы жеті су қоймасының құрылысына техникалық-экономика­лық негіздеме дайындау жоспарланған. Бұдан бөлек 2 мың шақырымнан астам суару каналын қалпына келтіру мен 400 шақырымға жуық каналға автоматтандыру жүйесін енгізу көзделген.

Ислам даму банкімен бірлесіп, өңірде суару желілерін реконструкциялау бо­йынша алты жоба іске асырылып жатыр. Оның біреуі аяқталған, ал жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асатын тағы екі жоба биыл пайдалануға беріледі. Вице-премьер облыс әкімдігі мен Су ресурстары және ирригация министрлігіне барлық жобаның уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұған қоса сапар барысында ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына бағыт­талған «Ауыл аманаты» бағдар­ла­ма­сының жүзеге асырылу барысы тал­қылан­ды. Бағдарлама ауыл тұрғындары­ның өмір сапасын бюджеттік микронесиелер беру арқылы арттыруды көздейді. 2026–2028 жылдары республика бойынша бұл мақсатқа 450 млрд теңге бөліну жос­парланған, оның 22,6 млрд теңгесі – Жетісу облысына тиесілі. Биыл өңірде ауыл кәсіпкерлігі мен кооперацияны да­мытуға бағытталған шамамен 400 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Облыс әкімдігі мен Ұлттық экономика министрлігіне бағдарламаның сапалы орындалуын ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью