Сұңғат Есімханов энергетика вице министрі қызметінен босатылды

27.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі хабарламасында.

Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар индустриялық институтын, "Болашақ" Қарағанды өзекті білім беру институтын бітірген.

1996-2000 жылдары "Қазақстан Алюминийі" АҚ-да еңбекті нормалау инженері, экономист болып жұмыс істеген.

2001-2004 жылдары - Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінде жетекші маманның міндетін атқарушы, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2004-2007 жылдары Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымдарында жұмыс істеп, әр жылдары Маңғыстау және Қарағанды облыстары департаменттерінің директоры қызметтерін атқарды.

2008 жылы - "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" РМК бас директорының орынбасары.

2008-2010 жылдары - Павлодар облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басқарма бастығы.

2010-2013 жылдары - "Қазақэнергосараптама" АҚ президенті.

2013-2014 жылдары - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының міндетін атқарушы, департамент директоры.

2014-2018 жылдары - Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы.

2018-2020 жылдары - энергетика вице-министрі.

2020-2021 жылдары - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2021-2022 жылдары - "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы.

2022 жылдан 2023 жылдың желтоқсанына дейін - Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы.

2023 жылдың желтоқсанында энергетика вице-министрі болып тағайындалған.

Бүгін Сұңғат Есімханов "Әділет" партиясынан Құрылтай депутаты болғаны белгілі болды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью