Табиғат сынағына тосқауыл

27.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Көктем лебі сезіле бастағаннан-ақ Есілдің асау тасқынынан зардап шеккен Қызылжар жұртшылығының көңіліне алаң кіреді. Жаз бойы момақан ағатын Ақанбұрлық, Бабықбұрлық, Шарық, Жембарақ пен Иманбұрлық секілді шағын өзендер арнасынан асып, Есіл мен Шағалалыны, Сілеті мен Қамысақтыны толтырып, елді мекендерді әбігерге салатыны бар.

Облыстық Төтенше жағдайлар депар­таменті (ТЖД) алдын ала ескерту басқар­ма­сының бастығы Әсет Шайкиннің айтуынша, биыл күзде жауын-шашын мол түскендіктен, топырақ құрғап үлгермей, қатаң аязда қатты тоңып қалған. Қазір топырақтың қату деңгейі 150 сантиметр­ге жетіп отыр. Бұл 2025 жылмен салыс­тырғанда 47 сантиметрге артық. Яғни қар күрт ерісе, су жерге сіңбей, елді мекендерге қарай жайылу қаупі бар.

Есілдің суын реттейтін басты нысан – Сергеев су қоймасындағы жағдай қатаң бақылауда. Қазір мұндағы су көлемі 674,7 млн текше метрді құрайды (жобалық қуаты – 693 млн). Бұл былтырғы деңгейден 2,6%-ға төмен болғанымен, күн күрт жылыса, қауіпті шекке жетуі мүмкін. Осыған орай, ТЖД өзен бойындағы 6 мыңнан астам адам тұратын 112 елді мекенді (2 654 үй) бақылауға алды.

Биылғы тасқынның алдын алу мақ­сатында ТЖД 37 іс-шарадан тұратын арнайы жоспарды іске асырды. 23 км су өтетін арна бекітіліп, биіктетілді. 15 су өт­кізгіш құбыр, 14 км арық тазарты­лып, Кіші Торанғұл көлінің 1,5 км жағалауы нығайтылды. Бұл жұмысқа Ұлттық ұлан, полиция, басқа да ведомстволар­дан 2,5 мың адам мен 1 428 техника жұмыл­дырылды. Төтенше жағдай туындаса, батпақта жүретін 15 жол талғамайтын көлік, 15 вахталық көлік, 121 мотопомпа дайын. Желтоқсаннан бері Петропавл әуежайында Ми-8 тікұшағы кезекшілікте тұр. Бөгеттерді нығайтуға 24 мың тонна инертті материал, 549 мың дана құмқап, 59 мың тонна жанар-жағармай қоры да­йындалды. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру қажет болған жағдайда 16 мың адамға шақталған 283 қабылдау пункті жасақталған. Мұз кептелісін болдыр­мау мақсатында Петропавл қаласы мен 7 ауданның бюджетінен сең бұзатын жа­рылыс жұмыстарына 84 млн теңге бө­лін­ді. Қазірдің өзінде елді мекендерден 400 мың тоннадай қар шығарылған.

«Қазсушар» РМК облыстық филиалы­ның директоры Ержан Қосымбаевтың сө­зіне сүйенсек, 2025 жылы Сергеев, Петро­­павл су қоймаларындағы ағымдық жөн­деуге 36,5 млн теңге жұмсалған. Оған қоса жағалауларды бекіту үшін 13 млн теңгеге 780 текше метр ауыр тас төселген. «Демеу Қазақстан» қорының қолдауымен Сергеев су қоймасының оң жағалауына қосымша 4 мың текше метр­ден астам қойтас, сол жағалауына 3 мың текше метрден астам топырақ аралас үлкен тастар үйіл­ген. Биыл бұл бағытта тағы 7 жоба іске асады.

«Қазгидромет» РМК облыстық фи­лиа­­лы­­­ның директоры Қымбат Мер­ға­лимова­ның болжамынша, наурыз айын­­да орташа температура +5+7 градус ша­ма­­сын­да (нормадан 1 градусқа жоғары) бола­­ды. Наурыздың ортасында Есіл мұзы сөгі­­ліп, айдың үшінші онкүндігінде қар күрт ери бас­тай­ды. Су тасқыны қаупі нау­рыз­­дың соңы мен сәуірдің басында күшейеді.

Дегенмен мамандардың пікірінше, биыл аса қауіпті тасқын бола қоймас деген үміт бар. Өйткені күзде ылғал мол бол­­ғаны­­мен, өңірдегі қар суының қоры көп­­жыл­­дық нормадан 26-48%-ға,

2025 жыл­мен салыстырғанда 45%-ға аз. Есіл қой­науын­дағы су деңгейі де былтырғы­дан 37%-ға төмен. Сондық­тан таби­ғат мі­незі құбылмалы болғаны­мен, қол­дағы мәлі­меттер мен атқарыл­ған дайын­дық жұ­мыс­тары биылғы көктемнің салыстырмалы түрде қалып­ты өтетініне се­нім ұялатады.

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

Серік Тұрғынбекұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

Сұхбат • Бүгін, 08:15

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды

Қоғам • Бүгін, 00:28

Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті

Қаржы • Бүгін, 00:13

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды

Аймақтар • Бүгін, 00:05

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью