Тағдыршешті шешімдер қабылданған жиын | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысы шын мәнінде ел шежіресіне алтын әріппен жазылатын айшықты оқиға болды.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей қатысуымен өтіп келген Ұлттық құрылтай өзін мемлекет үшін тағдыршешті мәселелер талқыланатын басты алаң ретінде толық дәлелдеді.
Ол халқымыздың көне дәстүрлерін қайта жаңғырта отырып, ұлттық мемлекет құрудың ұзақмерзімді моделін қалыптастырған ашық әрі маңызды диалог қызметін тиімді атқарды.
Алқалы жиынды еліміздің әр өңі­рінде өткізу туралы шешім тек тари­хи жадымызға деген құрмет қана емес.
Сонымен бірге күн тәртібіндегі жалпы­ұлттық мәселелерді аймақтардағы бел­сен­ді азаматтармен бірлесе талқы­лауға, хал­қымыздың бірлігін нығайтуға жол ашқан маңызды қадам болды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев президенттік қызметіне кіріскен күннен бастап, жұртшылықпен ашық диалогқа басымдық беріп келеді.
Мемлекет басшысының алғашқы шешімдерінің бірі ретінде ел тағдырына бейжай қарамайтын сарапшылар мен азаматтарды біріктірген Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруы – соның айқын көрінісі.
Читать полностью
Читать новость